Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Мәңгілік ел» студенттік кампус архитектуралық кешені салынады

30.05.2016

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Мәңгілік ел» студенттік кампус архитектуралық кешені салынады

     Алматыда 28 мамыр күні  әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Алматы қаласының 1000 жылдығына арналған әр кезеңдегі бітіруші түлектердің кездесуі өтті. Осы маңызды оқиғаларға байланысты қоғамдастық оқытушылары, студенттер мен бітіруші түлектері ҚазҰУ-нің аумағында «Мәңгілік ел» атты студенттік кампус архитектуралық кешенін құрды. Оның негізгі композициялық блоктары «Мәңгілік ел» студенттері мен түлектеріне арналған триумфальды қақпа, монументалдық композиция «Темірқазық» және алаңдағы  «Тайқазан» субұрқағы. Бұл жоба бітірушілердің  ортасында ерікті жарналар салу негізінде жүзеге асырылған өте ауқымды құрылыс кешені болып табылады.      

     Салтанатты мереке  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері мен түлектерінің Салтанат қақпасы іргетасы орналасатын жер мен Меценаттардың Кұрмет тақтасының тұсаукесер рәсімімен басталады. Одан кейін түлектер Шығыстың ұлы ойшылы әбу-Насыр әль-Фараби ескерткіші мен академик Ө. Жолдасбеков монументіне гүл шоқтарын қояды.      

      Ө. Жолдасбеков атындағы сутденттер сарайындағы салтанатты жиын барысында ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы, ҚазҰУ-нің түлектер қауымдастығының президенті, заң ғылымдарының докторы, профессор, 1981 жылғы заң факультетінің түлегі Қайрат Мәмидің есебі тыңдалып, ең үздік студенттерге және кафедраларға бағалы сыйлықтар тапсырылып, Альма-Матер жетістіктері туралы фильм көрсетіледі, сонымен қатар ҚазҰУ-нің студенттері дайындаған мерекелік Гала-концертін тамашалады. Бұл шара кезінде жоғары оқу орнының журналистика факультетінің түлегі, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының орынбасары, журналист, жазушы, драматург Сұлтанәлі Балғабаев "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универсвитетіне 80 жыл" мерейтойлық медалімен марапатталды. 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті