Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Естай Әлікеевтің «Шер» атты жыр жинағы жарық көрді

02.06.2016

Естай Әлікеевтің «Шер» атты жыр жинағы жарық көрді

      Алматыда 30 мамырда  мәдениет саласының үздігі, әнші-композитор Естай Әлікеевтің «Шер» атты жыр жинағының тұсаукесері өтті. Естай Әлікеевтің бұл жинағына әр жылдары жазылған өлеңдері мен терме-толғаулары, ғұмырнамалық поэма мен әнге жазылған мәтіндері, сондай-ақ пәлсапалық ұғымдары мен мақал-мәтелдері топтастырылған. «Жүрегім – сазды сандығым», «Әзірге айтарым»,  «Ғұмыр-дастан», «Ән – жүрегімде», «Пәлсапалық ұғым дар мен мақал-мәтелдер» сияқты бес бөлімнен тұрады. Кітап көпшілік оқырманға арналған.

      Жинақтың алғысыөзінде ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, тәуелсіз  «Платиналы Тарлан» сыйлығының лауреаты Шөмішбай Сариев: «Бұл жинақтың дені, өзегі, ең алдымен өлең-жырлар, толғау-термелер топтамасы. Бұл Естайдың жан-жақты қырын көрсетеді. Естай Әлікеев – өзіндік айтары бар ақын. Елге деген, ұлттық намысқа деген сезімдері қайрақ тастай ширығып, арасынан жарқылдап от ұшқыны шығады. Төгіле сөйлейді, дарияның толқынындай өрелі ағыспен ағады. Жанына маза бермейді. Үнемі ұмтылыста... Бұл да бір өзіндік ақындық мінез», – деп   жазыпты.

      

     Естай Тұрсынұлы Әлікеев – әнші, ақын, композитор. 1971 жылы 1 қаңтарда Алматы облысы, Алакөл ауданы, Ақтүбек ауылында туған.Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университетінің филология факультетін бітірген. «Тағдырым мені, кешірші», «Анама», «Жүрегім – сазды сандығым», «Естай Әлікеевтің әндері», «Ән-жүрегімде», «Әзірге айтарым» сияқты жинақтары жарық көрген. 100 ден астам лирикалық және патриоттық әндердің авторы. Шөмішбай Сариев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдеріне баса назар аударады. Әндерін қазақ эстрадасының шоқ жұлдыздары Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова, Тұңғышбай Жаманқұлов, Дильназ Ахмадиева, «Каспий» тобы, «Нұр-Мұқасан» тобы, Жұбаныш Жексенұлы, Есет Сәдуақасов, Динара Қырықбаева, Айкерім Қалаубаева, Өмірқұл Айниязов, Дина Хамзина, Қайыржан Бердібаевтар орындап жүр. Балаларға арналған өлеңдері бір төбе. Өлеңдері республикалық мерзімді басылымдарда жарияланып тұрады. 2009 жылдың 1 қарашасында Алматыдағы Республика сарайында «Жүрегім-сазды сандығым» атты шығармашылық кеш өткізді.  Рухани астана – Түркістан қаласын ән-жыр арқылы насихаттау, дәріптеу мақсатында өткізілген «Түркістаным-тұраным» атты республикалық жаңа әндер байқауына қатысып Түркістан қаласы әкімінің жүлдесімен; «Астана жұлдызы» Астана туралы халықаралық ән байқауында «Қолыңды бер, Астана» әні арнайы дипломға ие болған.  2009 жылы Елбасының тапсырмасымен Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі жүзеге асырған «Тәуелсіздік толғауы» республикалық байқауында  «Қазіргі заманғы әндер» аталымының ІІІ жүлдесін жеңіп алды. 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті