Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Қыздар балалар күніне қайырымдылық акциясын өткізді

02.06.2016

Қыздар балалар күніне қайырымдылық акциясын өткізді

      Алматыдағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Педагогика және психология факультеті 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай «Әрқашан күн сөнбесін!» атты қайырымдылық акциясын өткізді.

      Бұл шара Педагогика және психология факультетінің деканы Сайра Жиенбаеваның бастамасымен 2010 жылдан бері өтіп келе жатыр. Оның мақсаты – жастарды  қайырымдылық жасауға шақыру, жетім балаларға, мүмкіндігі шектеулі балаларға қайырымдылық қолын созып, балаларға шаттық мереке сыйлау. Бұл акцияға жоғары оқу орны ұстаздары мен жастары, әсіресе, «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», «Мектепке дейінгі  оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 1-2 курс студенттері ерекше атсалысып, бір кісідей қатысты.        

      «Қазақ халқы бала тәрбиесінде «Жетімнің қөз жасын көрсетпесін, жетім көрсең жебей жүр» деп ұрпақ санасына әрдайым құйып келеді. Алайда тағдыр бүлдіршіндерімізге өмір сыйлап бір қуантса, ата-анадан айырып өмірдің ащы дәмін татқызып жатқаны жасырын емес. Университетіміз қыз балаларды тәрбиелеп отырғаннан кейін, қыздарымыздың тағдыры алаңдатпай қоймайды. Жетімдер үйі азайса, тастанды балаларымыз болмаса екен, қыздарымыз осы акция барысында өмірлеріне керекті тәлім тәрбие алады деген тілекпен ұйымдастырылып отыр. Осындай шаралар арқылы студенттерді бір жағынан мейірімді, қайрымды болуға шақырсақ, екінші жағынан өмірдің сан тарапты жолында шалт қадам баспауға, қателік жасамауға шақырып, ақ, адал жолмен жүруге тәрбиелей аламыз»,  – дейді  С.Жиенбаева.

      Акция аясында оқу орнына қайырымдылық жәшігі қойылды. Оған әр қатысушы қаржылай өз көмегін көрсетті. Сонымен қатар, студенттердің қолынан шыққан керемет бұйымдардан қолөнер көрмесі ұйымдастырылды. Студенттер ән салып, би билеп өз өнерлерімен мерекелік шараның ажарын аша түсті. С. Жиенбаеваның айтуынша, қайырымдылық шаралардан түскен  қаражатқа балаларға керекті  ойыншықтар, жөргектер, жейделер, киім-кешектер, ұнтақ сабындар алып,  факультетімізге қарасты балалар үйі мен мүмкіндігі шектеулі балалар  мекемелеріне  таратылады. Биылғы акцияда студенттеріміз Аналар үйі мен Балалар онкологиясында арнайы іс-шара ұйымдастыратын болады. Психологтарымыз психологиялық көмектерін көрсетсе, бастауыш мектепке дейінгі мамандық бойынша оқитын болашақ мамандарымыз сол балалармен ойындар ұйымдастырып, әңгімелесу жүргізіп, әр түрлі дидактикалық метериалдарды жасауға көмектесетін болады. Өзін-өзі тану мамандығының студенттері Балалар үйіне барып өз көмектерін көрсетсе, дефектология мамандығының жастары мүмкіндігі шектеулі мекемелерге барып өз көмек қолдарын созатын болады. Өткен жылы акциядан 260 мың түсті. Оның барлығына «Үміт» және №2 балалар үйлеріне спорттық құрал-жабдықтар мен спорттық киімдер әперілді. Атап айта кететін бір жәйт,  студенттерден құрылған еріктілер тобы жыл бойы балалар үйлерінде түрлі шаралар өткізіп, әрқашан қолдаулары мен қамқорлықтарын көрсетіп келеді. Бүгінгі акция бір күндік шара емес. 

       «Қыздар университеті»  медиа орталығы 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті