Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Қытайдағы қазақ ақындарының ұжымдық жинағы жарық көрді

06.06.2016

Қытайдағы қазақ ақындарының ұжымдық жинағы жарық көрді

        Қазақстан Жазушылар Одағы мен «Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қорының қолдауымен «Сексеуілдің шоғы» атты Қытайдағы қазақ ақындарының ұжымдық жинағы жарық көрді. Алматыдағы «Мерей» баспасынан шыққан бұл кітапқа 26 ақынның шығармалары енген.

     Алғысөзді Қазақстан Жазушылар Одағы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Жайлыбай «Тұмадай тұнық жырлар...» деп  жазған. Онда: «Қолыма Қытайдағы қаракөз бауырларымыздың өлеңдері топтастырылған жинақ тиді. Тұмадай мөлдіреген тұнық жырлар тереңіне тартып әкетті. Шөлде қалған жолаушы құм арасынан жылтыраған бұлақ көзін көргенде қандай қуанышта болса, менің де жүрегімді сондай шаттық кернеді. Еңкейіп, жыр-бастаудан сіміріп, құныға бас қойғаным рас. Жыр – жан әлемінің айнасы. Осынау айнадан мынау сайқалсыған қоғамның аяр өңін көргендей болдым. Иә, қазақы Рух тірі екен. Лд біздің шет жерде тағдырдың жазуымен қалып қойған қандастарымыздың қанында тулап жатыр екен. Туған топырақта жүрмесе де туған тілдің нәрі мен зарын ұмытпапты. Ошақта қалған қоламтадай қызарып, тұтанып жатыр ол»  – деп жазыпты. 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті