Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Жүрсiн Ерманның шығармашылық кешi өтедi

06.06.2016

Жүрсiн Ерманның шығармашылық кешi өтедi

      Алматыда 6 маусым күнi Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттiк академиялық драма театрында Қазақстанның еңбек сiңiрген қайраткерi, М.Мақатаев атындағы сыйлықтың екi мәрте иегерi, айтыс жанашыры, ақын Жүрсiн Ерманның шығармашылық кешi өтедi.

     Бұл шараны Алматы қаласы әкiмдiгi ұйымдастырып отыр. Кешке республикаға танымал Ерлан Рысқали, Роза Әлқожа, Еркiн Нұржан, Сүлеймен Ибрагимов, Аллажар Қайбар, Бота Тұрмағамбетова, Серiк Жанболат, т.б әншiлермен бiрге Айбек Қалиев, Ринат Зайытов, Дәулеткерей Кәпұлы, Еркебұлан Қайназар, Болатбек Оразбаев, Аспанбек Шұғатаев, Иранғайып Күзембаев, Мейiрбек Сұлтанхан, Бауыржан Халиолла, Қалижан Бiлдашев, Рүстем Қайыртай, Шұғайып Сезiмхан, Хазiрет Бердiхан, Айтбек Тұрсынбаев сияқты айтыскер ақындар және белгiлi пародист Олжас Сыдықбек қатысады. Сонымен бiрге Серiк Ақсұңқарұлы, Несiпбек Айтұлы, Ғалым Жайлыбай сияқты қаламгер достары жырмен шашу шашпақ. Ақынның кешiн белгiлi айтыскер ақын Аманжол Әлтаев жүргiзедi. Танымал әншiлер ақынның сөзiне жазылған әндердi орындайды. Сондай-ақ, ақынның өлеңдерi оқылып, айтыскерлер айтысады. 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті