Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Лаңкестіктікті бейбіт сүйгіш күллі адамзат айыптайды

07.06.2016

Лаңкестіктікті бейбіт сүйгіш күллі адамзат айыптайды

     Ақтөбедегі жантүршігерлік қайғылы жағдай көптеген қазақстандықтарды ашық күнде жай түскендей есеңгіретіп тастады. Бұл лаңкестің нәсілі, діні, ұлты жоқтығын тағы бір рет дәлелдеді.

        Мұндай лаңкестік оқиғаның дәл Рамазан айының алдында орын алуы бәріміз үшін өте өкінішті жәйт. Әйтсе де оны дініне, нәсіліне, ұлтына қарамастан ешбір адам ақтамайды.  Бұл барлық құндылыққа қайшы. Сондықтан жазықсыз жандарды құрбан етіп, елдің тыныштығын бұзған адамдар мен оларды ұйымдастырғандардың қатаң жазалануын ел тұрғындары талап етуде.  Ол тек қазақстандықтардың ғана емес, бейбітшілік сүйгіш күллі адамзат баласының қалауы. Оны әлемнің түкпір-түкпірінен жолданған көңіл айту хабарламалары мен бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдардан да байқауға болады.

      Біз ет жақын бауырларынан айрылған марқұмдардың отбасы мен туыс-туғандарына ауыр қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз. Сондай-ақ мұндай жағдай қайталанбауы үшін құқық қорғау органдарының ғана емес, күллі қазақстандықтардың өз қырағылығын күшейтуге шақырамыз. Өз өміріміз бен тыныштығымыздың бұзылмауына бәріміз бірдей жауаптымыз. Сондықтан әрдайым бірлігіміз бекем, ауызбіршілігіміз мығым болсын.

         Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы 

 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті