Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Сүттің сыры бөлек

08.06.2016

Сүттің сыры бөлек

Сүттің сыры бөлек

 
             Сүт - сусын ретінде де, тамақ ретінде де қолданылатын бірден-бір өнім.

       Сүт  -   Еуропаның көп бөлігінде мұнайдан да қымбат екен. 100 мл сүттің құрамында - 87 гр су, 4.8 гр қант, 0.1 гр-нан 3.8 гр-ға дейін май, 3.4 гр ақуыз, 120 мгр кальций, 12 мл магний, 3,3 мкг йод, 32 мкг А витамині, 0.18 мкг В витамині және 0.4 мкг В12 витамині бар.  Сонымен қатар сүтті энергия беретін сусын ретінде де қолданады. Әсіресе спортшылар жарыс кезінде көп пайдаланады.  

       1 маусым  - Халықаралық сүт мейрамы күні ретінде  атап өтіледі.  Сүт десе  - сиыр, сиыр десе - Үнді елі көз алдымызға елестейтіні сөзсіз.  Сиыр ежелден қасиетті жануар болып есептеледі. Бала шыр етіп дүниеге келісімен-ақ, оған болашақта білгір, білімді болсын деген мақсатпен сиырдың сүтін ішкізеді екен.
      Бұл елде сиырдың сүті  ана сүтімен пара-пар. Сүт өнімі ел экономикасының маңызды бөлігі. Әлемде үнді елі сүт өнімін өндіруден  2 орынға ие.
      Германияның 66 пайыз халқы сүт құрамындағы  дәрумендердің  жетіспеушілігінен зардап шегуде. Германия халқы сырадан кейін көп қолданатын сүт көрінеді. Әлем бойынша сүт өнімін өндіруден германиялықтар  5 орынды алады. Алғашқы төрт орында - АҚШ, Үнді елі, Қытай және Ресей.
       Сүт туралы заң алғаш рет 1930 жылы 31 шілде күні Германияда қабылданған.
Ал, Қытай халқының сүтті қабылдауы өзгеше. Олар алдымен   сүтті экспорттайды. Себебі, сүттің  құрамындағы қант — қант диабетінің ауруына алып келетін ең басты себептердің бірі. Бес алпауыт елмен бәсекелесу барысында Қытайдағы сүт өнімі күннен-күнге дамып келеді. 
       Ертеректе  Ресей халқы сүт ашымас  үшін ішіне тірі бақа салып қоятын болған.  Ресей дүкендерінде шикі сүт сатуға тыйым салынған. Ресейдегі сүттің бағасы шет елдің бағасынан қымбат көрінеді. Германияда 1 литр  сүтті 45 евроцентке алсаңыз, бұл көрсеткіш Ресейде 1 евроға тең. 
       Америка сүт өндіруден әлемдегі алғашқы орынға ие бола тұра, Еуропа елдері және Канада бұл елдің сүт өнімін қолдануға тыйым салған. Себебі аталмыш елдің сүтінен рак ауруы  шыққан.  Сүтті микробтардан қорғайтын қорапша алғаш рет Америкада 1890 жылы қолданысқа енген. Содан бері АҚШ шетелдерге өнімдерін үздіксіз экспорттап отыр.  

       Қазақстан да сүт өнімдерін өндіру жөнінен басқа елдерден қалыс қалмайды. Кезінде Еуропа саяхатшылары қазақтың сүттен қалай май алатыннын таңдана жазғаны ақиқат. 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті