Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | «Ілияс мінген қарагер» мәреге дара жетті

09.06.2016

«Ілияс мінген қарагер» мәреге дара жетті

«ІЛИЯС МІНГЕН ҚАРАГЕР» МӘРЕГЕ ДАРА ЖЕТТІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

           Халықаралық «Дарабоз» әдеби бай­қауы биыл 11-рет ұйымдастырылып, қоры­тындысы Алматы қаласында жария етілді.

        Қазақстан Республикасының ұлттық кітапханасында өткен қорытынды кешке «Дарабоз» байқауының бас демеушісі, белгілі меценат Бауыржан Оспанов, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қуатжан Уәлиев, т.б. құрметті қонақтар қатысып, ақ тілектерін арнады. Бауыржан Кеңесбекұлы бұл байқаудың жылдан-жылға бедел жинап, қатысушылар саны артып келе жатқа­нына арнайы тоқталды. 11 жыл ішінде «Дарабозға» 4400-ден астам шығарма келіп түскен екен. Дұрыс толтырылмағаны бар, жарыс шарттарын жөнді орындама­ғандары бар, жалпы есептегенде 5 мыңға жуық шығарма қазылар назарына ұсы­нылған екен. Белгілі балалар жазушысы Шәкен Күмісбайұлының өтінішімен іске асырылған бұл бастама, осылайша, қазақ балалар әдебиетінің жаңа дәуірде жаңаша сипат алуына жол ашып беріп отыр. 

        Биылғы «Дарабозға» үш жүзден астам шығарма келіп түсті. Байқауға мектеп жасындағы балалардан бастап, қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілдеріне дейін «ат қосты». Демек, «Дарабоз» өз миссиясын адал атқарып отыр. 
       «Дарабоз-2016» әдеби байқауының бас жүлдесі «Ілияс мінген қарагер» әңгі­месінің авторы, жазушы Әбділдәбек Салықбайға табыс етілді. Жеңімпазға 1 мил­лион теңге, арнайы диплом және мүсін­ше табыс етілді. Әңгіме жыр Құла­гері Ілияс Жансүгіровтың балалық шағы­нан сыр шертеді. Бала Ілиястың ақын Әсетке алғаш жолығып, өтініш айтуы, ақын әндеріндегі кейбір жолдарға тереңірек үңілуге тырысқаны әдемі суреттелген. 
       Бірінші жүлде Нұрбек Нұржан есімді жас қаламгерге бұйырды. «Аспанға ғашық құс бала» әңгімесі кейіпкерінің ерекше ойымен, қиялшылдығымен тарта түседі. Нұрбек Нұржан жақында ғана жыр мүшәйрасында жүлделі орынға ие болыпты. Енді қоржыны «Дарабоздың» арнайы дипломы, 700 мың теңге сыйақы және мүсіншемен толықты.
Екінші жүлде қостанайлық ақын Ақылбек Шаяхметтің еншісіне тиді. Балалар әдебиетіне зор үлес қосып келе жатқан қаламгер бұл байқауға «Ақылды хан» балладасын ұсыныпты. Ғұн патшасы Мөденің тарихта қалған ерлігін балаларға ұғынықты тілмен жырлаған ақын 500 мың теңге сыйақы, арнайы дипломға ие болды. Ал үшінші жүлде «Беймезгіл үзілген жапырақ» әңгімесін ұсынған Мәркиза Базарбайқызына табыс етілді. Алаш көшбасшысы Әлихан Бөкейханды үйінен НКВД қызметкерлері ұстап әкет­кенде, «Қыр баласының» қандай бекзат­тық танытқанын бұл шығарма тамаша әйгілейді. 
Жеңімпаздарға жүлделерін Қ.Уәлиев, Б.Оспанов, М.Райымбекұлы, А.Осман, А.Ашири сынды азаматтар табыс етті. Ал «Балалар әдебиетіне сіңірген еңбегі үшін» арнайы жүлдесі қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын Қастек Баянбайға берілді. 

        http://aikyn.kz/ru/news/show/25078-_liyas_m_ngen_arager_m_rege_dara_zhett_

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті