Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Лаңкестікке лағнет

09.06.2016

Лаңкестікке лағнет

       Адамды қан жылататын өте ауыр оқиға! Қаншама жазықсыз жандардың өмірі қиылып, отбасылар аңырап қалды. Бұл – дін атын жамылған лаңкестердің азу тісін ақсита көрсеткен бірінші əрекеті емес. Исламмен үш қайнаса сорпасы қосылмайтын олардың арандатушылықтары – кез келген адами өркениетке жат.

      Меніңше, Ақтөбедегі оқиғадан құқық қорғау органдары да, діни ұйымдар да сабақ алып, қорытынды шығарулары қажет. Қылмыскерлер сырттан келген жоқ, өз ортамызда туып-өскен. Олай болса, жат ағым жетегіне неге еріп отыр деген заңды сауал туады. Демек, өскелең ұрпақ арасында дін қағидаттары, шариғат ілімдері жете түсіндірілмейді, жалаң уағыздалады деген сөз. Осындайда белгілі оқымысты Ғарифолла Есім «Егемен Қазақстан» газетінде айтқандай, «Ақтөбеде осындай қауіп-қатер бар екенін біз бірнеше рет айттық. Дінтанушыларды жұмысқа тарту керек», деген сөздерін ескерген жөн.

       Сағындық САЛМҰРЗИН, «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» жергілікті филиалының жетекшісі.   Солтүстік Қазақстан облысы 

     "Егемен Қазақстан" газеті 09.06.2016

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті