Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | «Алтын адамды» тапқан арxеолог Бекен Нұрмұханбетұлы өмірден озды

13.06.2016

«Алтын адамды» тапқан арxеолог Бекен Нұрмұханбетұлы өмірден озды

      Алматы облысының «Есік» қорық-музейінің қызметкері, археолог, атақты «Алтын адам» жауынгерін тапқан Бекмұханбет Нұрмұханбетұлы 81 жасына қараған шақта жарық дүниемен қош айтысты. 

     «Алматы облысының «Есік» қорық-музейінің қызметкері, археолог, ел арасында «Алтын адам» атанып кеткен Бекмұханбет Нұрмұханбетұлы ақсақал 81 жасында дүниеден өтті. Марқұмның отбасы мен туған-туыстарына қайғысына ортақтасып көңіл айтамыз. Бекен атамыздың жарқын бейнесі мəңгі есімізде қалады!» - делінген xабарламада.

      Ауыр қазаға байланысты ҚазАқпарат xалықаралық ақпарат агенттігі көрнекі ғалымның туған-туыстарына көңіл айтып, қайғыларына ортақтастық танытады.

       Бекмұханбет Нұрмұханбетов 1935 жылы Алматы облысы  Ақсу ауданы  Еңбек ауылында туған. Жетісу жерінен табылып, бүкіл әлемге Қазақ елінің тарихи төлқұжаты болып танылған, көне сақ мәдениетінің баға жетпес асыл қазынасы - «Алтын адам» жәдігері адамзат тарихын алтын зермен бедерлегені ақиқат. 1969 жылы археология ғылымына өзіндік із қалдырған көрнекті ғалым К.Ақышев бастаған зерттеу тобы әлемге «Алтын адам» атауымен мағлұм болған сақ жауынгерінің обасын тапты. Өзге мәдениет өкілдері тас қашап, тері жамылып жүргенде сақтардың озық технологияны меңгеріп, күні бүгінге дейін қорыту тәсілі беймәлім боп отырған алтын бұйымдарға ие болғаны анықталған болатын.

        http://www.inform.kz/kaz/article/2913850

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті