Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Жаңа препарат отандық фармацевтикаға соны серпін әкеледі

14.06.2016

Жаңа препарат отандық фармацевтикаға соны серпін әкеледі

цитофат

        Қарағандылық ғалымдар тағы бір бірегей дәрі ойлап тап­ты. «Цитофат» деп аталатын препарат қазір Назарбаев Уни­верситеттің медициналық ор­талығында клиникалық сынақ­тан өткізілуде.

        Жаңа дәріні жасап шығаруды алдымен қолға алған – белгілі ғалым, химия ғылымдарының докторы, академик, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қарағанды мемлекеттік техникалық универ­ситетінің ректоры Арыстан Ғазалиев. Арыстан Мәуленұлы пре­паратты жасап шығару жо­лындағы жұмыстарын, тіпті, осыдан ширек ғасырдай бұрын, ҰҒА Органикалық синтез жә­не көмір химиясы институты директорының орынбасары қызметін атқарып жүр­ген шағында бастаған екен. Қызметі ауысса да мақсатынан танбаған ғалым бұл жұмысқа ҚарМТУ жанындағы ғылыми-зерттеу институтының химик ғалымдарын, магистранттары мен студенттерін де тартқан.

      Ғалымдардың айтуынша, жаңа препарат отандық фар­мацевтика саласына соны серпін беруі тиіс. «Цитофат» бүгінгі қоғамда әлеуметтік дерт­ке айналған бауыр ауруларын емдейді. Оның үстіне, бағасы да қарапайым халық үшін қымбат болмайды. Өйткені, дәрі Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде өсетін өсімдік – термопсистен жасалады екен.

        Клиникалық сынақтар бір­неше айға созылуы мүмкін. Себебі, қанша дегенмен, күні ертең адам ағзасына сіңірілетін зат болғандықтан, оны жан-жақты тексеруден өткізу әб­ден керек. Сәтін салып, оң нә­тиже беріп жатса, дәріхана сөре­леріндегі импорт дәрілердің біразын осы қарағандылық препарат ығыстыруы ғажап емес.

           Қайрат ӘБІЛДИНОВ, «Егемен Қазақстан». ҚАРАҒАНДЫ  

 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті