Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Ауғанстанға велосипедпен барып қайтпақ

14.06.2016

Ауғанстанға велосипедпен барып қайтпақ

Ауғанстанға велосипедпен барып қайтпақ

       
        Шымкенттік Кеңесбек Сейтімбетов Кабул қаласына дейін велосипедпен барып қайтпақ. 76 жастағы қария бұл сапарын Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арнап отыр.

      Соғыстан көз ашпаған ауған еліне бейбітшілікті насихаттап, кезінде осы елде опат болған қазақстандық жауынгерлердің рухына тағзым етпек.
     Қария бұған дейін Ресейге және Түркістанның 1500 жылдығы қарсаңында Мекке-Мәдинаға да велосипедпен барып қайтқан. Жалпы 10 мың шақырым жолды осылай жүріп өткен. Бұл жолғы сапары да оңай емес, аптап ыстықта үш елдің аумағын еңсеріп, қатерге толы таулы Кабулға табан тіремек. Қария бір күнде велосипедпен 100 шақырым жол жүреді. Межелі жерге бір аптада жетемін деп отыр. «Бүгінгі менің мынау Шымкент-Кабул велошеруімнің негізгі мақсаты өте қиыншылықпен келген ел тәуелсіздігінің 25 жылдық құрметіне арналады. Ауған халқына барып, еліміздің жетістігін халқымыздың бейбітшілік жолындағы бірлігін сол елдің тұрғындарына айтып беру. Сонымен қатар 1979-1989 жылдары он жылда сол жерде қаза тапқан біздің жауынгерлер бар. Солардың рухына тағзым етіп қайтсам деген ой», - дейді қала тұрғыны Кеңесбек Сейтімбетов.
          bnews.kz

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті