Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Зуқа батыр. 150 жыл: Батыр есімі Елордада ұлықталды

15.06.2016

Зуқа батыр. 150 жыл: Батыр есімі Елордада ұлықталды

        14 маусым күні Астанадағы ҚР Қарулы күштерінің Әскери-тарихи музейінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Мәңгілік Ел арманы және Зуқа батыр Сәбитұлының өмірі мен күресі» атты көрме, шығармалар байқауының жеңімпаздарын саралау және халықаралық ғылыми конференция өтті.
        Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы, Республикалық ардагерлер кеңесі, «TÜRKSOY» Түркі мәдениетін және өнерін дамыту халықаралық ұйымы және Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өткен шараға шетелден және елімізден белгілі ғалымдар, өнер қайраткерлері, журналистер мен өзге де көрмермендер қатысты

         Ғылыми конференцияның соңы "Мəңгілік ел жəне Зуқа батыр" атты шығармашылық байқауға ұласты. Бұл бәйге мамыр жəне маусым айларында "Проза" жəне "Поэзия", "Үздік əн" аталымдары бойынша шығармалар қабылданған болатын.

         Шығармашылық байқаудың қортындысына сəйкес, "Проза" аталымы бойынша бірінші орынды батыр жайлы кітап жазумен бірге, повесть, пьесса жанрларында қалам тербеген Бақытбек Бəмішұлы иеленсе, екінші орынды Бодауқан Тоқанұлы мен Ықылас Ожайұлы, үшінші орынды Қуандық Шамақайұлы, Заңғар Кəрімханұлы, Талғат Кеңесбаев сынды қаламгерлер еншіледі.

        Сонымен қатар, Нəзира Байырбекқызы, Рахметуллин Еркін, Елдос Тоқтарбай, Барлық Шынғазы, Бақытбек Үйсіпұлы қатарлы бес қаламгерге ынталандыру сыйлығы берілді.

         Ал, "Поэзия" аталымы бойынша жүздеген шығармалар ішінен оза шыққан Ұларбек Дəлейұлы мен жас ақын Үмітбек Бағдатұлы бірінші орынды бөлісті. Қытайда тұратын қандасымыз, танымал ақын Ерлан Нұрдықанұлы мен жас ақын Ұмтыл Зарыққан екінші орынды еншілесе, Ұларбек Нұрғалымұлы, Ауыт Мұқибек, Аманкелді Мұратбек қатарлы ақындар үшінші орынды иеленді.

       Сонымен бірге, Əскерхан Ақтай, Ербол Бейілхан, Ержан Жаубай, Оралхан Жəнібек, Гүлсамал Аймаханова қатарлы ақындар ынталандыру сыйлығымен марапатталды.

         "Үздік əн" аталымы бойынша, келіп түскен туындылар ішінен талғамды туындысымен оқ бойы озып шыққан белгілі сазгер Ерғожа Тілепбердиев иеленді. Байқау нəтижесі бойынша елімізге танымал ақын, жазушылардың таңдаулы туындылары жүлдеге ілініп, ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтармен қатар қаржылай марапатталды.

      https://baq.kz

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті