Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Автоэкспедиция Алтайға аттанды

16.06.2016

Автоэкспедиция Алтайға аттанды

алтай

      Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ұйымдастыруымен Алтайдың мәдени-тарихи мұраларымен кеңінен танысып, ЭКСПО-2017 және елімізде автомобиль туризмін дамытуға үлес қосуды мақсат еткен «Алтай мұрасы» атты халықаралық автоэкспедиция жолға шықты.

       Бұл шара Қазақстан Респуб­ликасы Тәуелсіздігінің 25 жыл­дығы және Еуразия ұлттық уни­верситетінің 20 жылдығы аясында ұйымдас­тырылып отыр. Осыған орай ЕҰУ-дің бас ғимараты алдында автошеру­шілерді шығарып салу құрметіне арналған салтанатты жиын болып өтті. Университет ректоры Ерлан Сыдықов авто­экспедицияның мақсат-мұратын жеткізді. Сондай-ақ, академиктер Рахметқажы Берсімбай мен Болат Көмеков Алтай жерінің тарихи ерекшеліктеріне тоқталып, автоэкспедицияға ақ жол тілеп, шараға қолдау көр­сет­кен «Цеснабанк» АҚ пен «Қазмұнайгаз» ҰК және ақпа­рат­тық демеушілер National Geographic Казахстан, «Қазақстан» ТРК, «Каз­контент» АҚ-қа алғыс білдірді.

      Астанадан Алтайға аттанған автоэкспедиция 25 адамнан тұра­ды. Олардың ішінде ректор Ерлан Сыдықов бастаған Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ғалым­дары, этнографтар, тарихшылар, жазушылар, өнер және қоғам қайраткерлері, дәрігерлер, студенттер, шығармашыл жандар мен БАҚ өкілдері және экспедиция демеушілері бар.

      Экспедицияға қатысушылар 12 күнде 4500 шақырым жол жүріп, еліміздің Ақмола, Қара­ғанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарындағы бір­неше тарихи-мәдени орындарынан бөлек, әлемді таңдандырған Алтайдағы Қосағаш, Артыбаш, Бийскідегі мәдени-тарихи орындарда болады.

        Ұйымдастырушылардың айтуынша, экспедиция барысында автошерушілер туына қала өкілдері мен Алтай елі тұрғындарының қолтаңбасы жиналады.

      Тағы бір игі шара – «Алтай мұрасы» автоэкспедициясы шеңберінде 2011 жылы университет ғалымдары археологиялық қазба жұмыстары кезінде тапқан «Көктүріктер» жәдігерінің көшір­месі де сыйға тартылмақ. Ең бас­тысы, ЕҰУ ғалымдары арнайы лекциялар оқып, Елтаңба авторы Жандарбек Мәлібеков рәміз көшірмесін Алтай қазақтарына өз қолтаңбасымен қалдырады.

          «Егемен-ақпарат»

        https://egemen.kz/2016/06/16/46853

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті