Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша қазақ диаспорасы балаларының XIII Халықаралық олимпиадасы өтеді

20.06.2016

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша қазақ диаспорасы балаларының XIII Халықаралық олимпиадасы өтеді

      Алматы қаласындағы «Бөбек» ұлттық ғылыми-тәжірибелік, білім беру және сауықтыру орталығы базасында  20-24 маусымда  Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша қазақ диаспорасы балаларының  «Қазақстан – ата жұртым, қасиетім – ана тілім» атты   XIII Халықаралық  олимпиадасы болады. Оны  «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы ұйымдастырып отыр.

      Олимпиаданың негізгі мақсаты – қазақ диаспорасы балаларының ана тілі, қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы, мәдениеті мен өнері бойынша танымдық қабілетін дамыту, әлемнің әр елдерінде тұратын қазақ жастарының достық байланыстарына ықпал ету, қазақ диаспорасы өкілдері арасында қазақ тілін меңгеру, мәдениетінің деңгейін көтеру және еліміздің тарихына, Қазақстанның қазіргі дамуына қызығушылықтарын арттыру болып табылады.

       Қазақ тілі мен әдебиеті бойынша өтетін олимпиадаға қазақ диаспорасының өкілдері тұратын мемлекеттердегі жалпы білім беретін мекемелердің дарынды балалары қатыса алады. Оған биыл  Иран, Турция, Түркіменстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия, Қытай және Ресей Федерациясының – Самара,  Омбы және  Алтай өлкесінің құрама командалары қатысады.

         Олимпианың бірінші кезеңі – жазбаша, екінші кезең – ауызша. Жеңімпаздар ҚР Білім және ғылым министрінің  I, II, III дәрежелі дипломдарымен, грамоталармен және арнайы сыйлықтармен марапатталады және барлық олимпиада қатысушыларына сертификаттар беріледі. 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті