Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Астанада театр фестивалі ашылды

21.06.2016

Астанада театр фестивалі ашылды

null

      Жыл сайын 20-26 маусым аралығында елорда күні қарсаңында Астанада «Сахнадан сәлем!» халықаралық театр фестивалі өтеді. Осымен төртінші рет өткізілетін фестивальдің шымылдығы «Жастар» театрында режиссер Н. Жақыпбайдың «Моцарт» мюзиклімен ашылады, деп хабарлайды қаланың ресми сайты.

          Апта бойы елордалық театр сахналарында Астана, Алматы, Жезқазған, Орал, Өскемен, Шымкент, Семей қалаларының, сондай-ақ мәскеулік «Театр Луны» және киевтік «PaperWall» театрларының труппалары өз өнерлерін ортаға салады. Биыл шараға 11 театр қатысады.

        «Бұл өте қызық фестиваль. Біздің басқа да қазақстандық шараларға қарағанда «Сахнадан сәлем!» нағыз мереке, мұнда достар мен кәсіпқойлар кездеседі, шығармашылық практикамен және тәжірибемен алмасады. Фестивальдің құндылығы да осы», - деді театр сыншысы және драматург Еркін Жуасбек.

       2013 жылдан бері фестивальге Қазақстанның барлық өңірлерінің, сондай-ақ, таяу және қиыр шетелдердің: Ресей, Литва, Түркия, Дагестан, Грузия театрлары қатысты.

        IV халықаралық театр фестивалінің құрметті қонақтары әрі қазылар алқасы құрамында танымал драматург, театр сыншысы Еркін Жуасбек, ҚР халық әртісі, Гүлжахан Әспетова, Қазақстанның халық әртісі Талғат Теменов, сондай-ақ шетелдік қонақтар Мәдениет қайраткерлерінің астаналық цехі кеңесінің мүшесі Игорь Краснопольский және театртанушы Мария Юрьева сынды өнер қайраткерлері болады.

      Елорда тұрғындары мен қонақтары апта ішінде «Антракт» драмасын, «ОнОнаЖизнь» визуалды-пластикалық спектаклін, «Қара шекпен» мысалын, «Зверь» фантастикалық тарихын, «Құлан қыпшақ - Кейкі батыр» тарихи драмасын, «Пробуждение» трэш-драмасын, «Бас», «Жалт еткен бір сәуле», «Бір кем дүние» драмаларын тамашалайды. 

          http://www.inform.kz/kaz/article/2916705

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті