Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Дін және тарих тағлымы

21.06.2016

Дін және тарих тағлымы

      Алматыдағы «Ғылым ордасының» кітапханасында 22 маусымда «Дін және тарих тағлымы» атты дөңгелек үстел жиыны өткізіледі.  Оны «Ғылым ордасы» мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бірлесіп ұйымдастырып отыр.

      Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қазақстан мұсылман қауымы үшін 2016 жылды «Дін және тарих тағылымы» жылы деп жариялағаны белгілі.

      Осындай игі бастама аясында, қасиетті Рамазан айында орайластырып өткізіліп отырған дөңгелек үстел жиынының  өту барысында қазақ даласындағы дін мен мәдениеттің өркендеуі, бабалар мұрасын дамыту, жазба ескерткіштердің ғылымдағы орны, оларды зерттеу сынды тақырыптар төңірегінде пікір алмасады.

         Іс-шараның мақсаты – діни ғұламалармен, ғалымдармен ой бөлісіп, жас ұрпақтың танымын кеңейтіп, тарихтан алар тағылымын молайту үшін тереңде жатқан тарихымызды ұлықтап, жастарды имандылыққа жетелеу, әрі егемендігін аңсап армандап өткен бабалар мұрасын жаңғыртып, тәуелсіз елдің ұрпағы дінімізді, тілімізді, дәстүрімізді жалғастыруына үлес қосу.

        Шараға  ҚМДБ қызметкерлері, ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалым-ұстаздары, Нұр-Мұбарак Египет ислам мәдениеті университеті ғалымдары, Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы мәдени орталығының қызметкерлері, ғылыми мекемелер мен кітапхана және мұражай қызметкерлері қатысады.

        Аталмыш шара барысында ата-бабамыздан қалған асыл жауһарларды қайта жарыққа шығарудың орайлы сәті, мол мүмкіндігі туып отыр. «Ғылым ордасы» РМК Ғылыми кітапхананың сирек қорларында ғасырлар бойы сақталап келе жатқан көне жәдігерлеріміз сирек кітаптар мен қолжазбаларымызды жарыққа шығарып, «Дін және тарих тағлымы» атты қолжазбалар мен сирек кітаптар көрмесін ұсынады.              

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті