Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Алматыда тұңғыш рет «Барселона» ФК балаларға арналған машықтану лагері өткізілетін болады

21.06.2016

Алматыда тұңғыш рет «Барселона» ФК балаларға арналған машықтану лагері өткізілетін болады

     Аты аңызға айналған «Барселона» испандық футбол клубының оқу академиясы осы жылы тұңғыш рет Алматыда өтетін жаттықтыру лагеріне жас футбол әуесқойларын шақырады. Лагерь қатысушылары әлемнің ең үздік балалар-жасөспірімдер академиясының әдісі бойынша футболдың қыр-сырына үйретілетін болады. Бұл жайында бүгін Қазақстан Баспасөз-клубындағы баспасөз-мәслихатында іс-шаралар ұйымдастырушылары хабарлады.

     “La Masia de Can Planes” (каталон тілінен аударғанда “фермер үйі”), әдетте “Ла Масия” деп қысқартылатын «Барселона» ФК оқу академиясының атауы, оның қойнауынан бүкіл әлемге танымал футболистер шықты. «Барселона» ФК жаздық футбол лагері “Ла Масия” академиясының жалғасы болып табылады, бүгінгі таңда оның футболдық машықтандыру бағдарламасы әлемдегі ең үздік осындай бағдарлама болып табылады. “Ла Масияның” тәрбиеленушілері қатарына Лионель Месси, Хави Эрнандес, Карлес Пуйоль, Жерар Пике, Серхио Бускетс, Пеп Гвардиола және көптеген басқа да есімдері әлемге әйгілі футболистер жатады. 2002 жылдан бастап Академия әлемдегі ең үздік болып танылды, ол «Барселона» ФК Еуропалық Чемпиондар Лигасында, испандық Ла Лига біріншілігіндегі табыстарында, сондай-ақ Испанияның ұлттық құрамасының 2010 жылғы әлем чемпионатында және 2008 және 2012 жылдардағы Еуропа чемпионаттарындағы зор жеңістерінде шешуші рөлді ойнап отырды.

       «Әлбетте, кәсіби футболдың дамуы балалар-жасөспірімдер футболының дамуымен ажырамас байланыста. Біз соңғы жылдары біздің елде бұл үдерістер белсенді бола бастағанына қуаныштымыз. Бұл Қазақстанның Футбол Федерациясының, «Жас қыран» балалар-жасөспірімдер футболының Қазақстандық лигасының, біздің кәсіби клубтар мен жеке ынтагерлердің арқасы деп білеміз. «Барселона» ФК футбол академиясы біздің елге қызығушылық танытып,  талассыз табыстармен өз беделін растаған ең үздік оқыту әдістері Қазақстанда пайдалынатыны, әрине, қуантпай қоймас. Біз бәріміз ортақ іске жанашырмыз, және аз ғана уақыт өткен соң бұл еңбек өз жемісін беретініне сенімдімін», - деп атап өтті Марат Мұхтарұлы Әбділдабеков, Қазақстанның Футбол Федерациясының Атқарушы комитетінің мүшесі, «Жас Қыран» балалар-жасөспірімдер футболының Қазақстандық лигасының Вице-президенті.

        «Алматыдағы «Барселона» ФК футбол лагері кезінде біздің жаттықтырушылар футболдың біртуар жұлдыздарының көбісін тәрбиелеуге жол ашқан бірегей әдістемені қолдана отырып, дәріс беретін болады. Әрине, бұл қазақстандық футболдың болашақ жұлдыздары шығуы әбден мүмкін балалардың ойнау дағдыларын жақсартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар қатысушылар бүкіл әлемде, соның ішінде Қазақстанда да жанкүйерлері өте көп «Барселона» футбол клубының құндылықтары мен философиясы туралы көбірек біле алады. Әрбір бала біздің футболдың атмосферасына еніп, футбол алаңындағы жаттығуларда және одан тыс жерде «Барселонаның» рухы мен құндылықтарына қанығатын болады», - дейді Антони Клаверия (Antoni Claveria), «Барселона» ФК Азиялық-тынықмұхиттық аймақтағы даму бойынша директоры.

        «Жаттығу үдерісі Coach UEFA рұқсатқағазы иегері болып табылатын және Алматыға тікелей Барселонадан келетін “Ла Масия” Академиясының сертификатталған испандық жаттықтырушылары жетекшілігімен өтеді. Олардың әлемнің түрлі елдеріндегі мектептерде көпжылғы тәжірибесі бар. Лагерь бағдарламасы футболдық дағдылар мен амалдарды игерумен, топтық рухты тәрбиелеумен қатар, спорттық гигиенаның және теңестірілген тамақтанудың теориялық негіздерін де қамтиды. Сондықтан біздің жаздық лагерьге қатысу – әлемнің көптеген атышулы, танымал футболистерін тәрбиелеген дүниедегі ең үздік жаттықтырушы құрамнан дағдылар мен білім алудың бірегей мүмкіндігі», - деді Дамир Рыспеков, «Барселона» ФК Қазақстандағы ресми серіктесінің өкілі.

      Лагерь 15-26 тамыз аралығында М.Горький атындағы ОМжДС, «Спартак» стадионы базасында өтетін болады. Барлығы екі ағым жоспарланған, оның әрқайсысы сағат 9.30-дан 17.00-ға дейінгі 5 толық күнге созылады. Жаттығуға 6-16 жас аралығындағы ер және қыз балалар қатыса алады. Бағдарламаға мыналар кіреді: 10 жаттығу сессиялары, 10 теориялық семинарлар, күнделікті спорттық тамақтандыру мен салқындатқыш сусындар, және де FCB Nike Kit ресми жабдықтаушы киім-кешегі мен «Барселона» ФК Академиясының халықаралық дипломы.

      Барлық сауалдар бойынша хабарласуыңызды өтінеміз:

Дамир Рыспеков, «Барселона» ФК жаздық лагерінің үйлестірушісі

Тел: +7 701 101 2720, Э-пошта: info@fcbcamp.kz 

Қосымша ақпарат:

Сайт: http://fcbcamp.kz/Facebook: https://www.facebook.com/FCBCampKZ/

Vkontakte: http://vk.com/fcbcampkz 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті