Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | 6 шілдеде Астанада ақындар айтысы өтеді

21.06.2016

6 шілдеде Астанада ақындар айтысы өтеді

null         

       Астананың туған күнінде Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналған «Бағаналы ордам - басты ордам» атты ақындар айтысы өтеді. Еліміздің ең мықты суырып салма ақындары өзара сынға түседі, деп хабарлайды қалалық әкімдіктен.

        Сахна төрінде осы кезге дейін талай айтыстарда топ жарған, көпшілікке кеңінен танымал 12 ақын өнер көрсетеді. Атап айтқанда, Айбек Қалиев, Сара Тоқтамысова, Мейірбек Сұлтанхан, Аспанбек Шұғатаев, Еркебұлан Қайназар және басқалары. 

        Ақындар айтысы атаулы датаға орайластырылып отырғандықтан, айтыстың басты тақырыбы еліміздің жетістіктері мен даму перспективалары, сондай-ақ, егеменді еліміздің қалыптасу тарихы болмақ. Ақындар қоғамды алаңдатып отырған өзекті мәселелерді жырға қосады. Айтыскерлер өз ойларын сұлу сөзбен өріп, тапқыр ойды өрнекті тілмен жеткізіп, өз тыңдармандарын қуантпақ.

       «Бағаналы ордам - басты ордам» ақындар айтысының әділ қазылар алқасының құрамына танымал суырып салма ақын, қазақ халқы шығармашылығының осы бір ерекше түрін зерттеп жүрген ғалым Аманжол Әлтаев, ҚР халық ақыны Қонысбай Әбілов, белгілі айтыскерлер Дәулеткерей Кәпұлы, Серікзат Дүйсенғазин және басқалары енді.

      Айта кетейік, дәстүр бойынша Астана қаласының әкімдігі ақындар айтысын Елорда күнін мерекелеу аясында осымен оныншы рет өткізгелі тұр. Жыл сайын ақындар «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығының жанында орналасқан сахнада өнер көрсетеді. Биыл айтыс елордамыздың ең үздік концерт залдарының бірі - Конгресс-холлда өтеді. 

       http://www.inform.kz/kaz/article/2916840

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті