Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Алматыда «Су, білім беру және ынтымақтастық» жобасы бойынша Аймақтық басқарушылар комитетінің бірінші мәжілісі өтіп жатыр

22.06.2016

Алматыда «Су, білім беру және ынтымақтастық» жобасы бойынша Аймақтық басқарушылар комитетінің бірінші мәжілісі өтіп жатыр

      Алматыда АҚШ-тың халықаралық даму жөніндегі агенттігі мен Орталық Азияның аймақтық экологиялық орталығының ұйымдастыруымен «Су, білім беру және ынтымақтастық» жобасы бойынша Аймақтық басқарушылар комитетінің бірінші мәжілісі өтіп жатыр.

       Оған Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Ауғанстан елдерінің құзырлы органдарының уәкілдері мен   АҚШ-тың халықаралық даму жөніндегі агенттігі мен серіктес Қазақ-неміс университеті және Орталық Азияның аймақтық экологиялық орталығына қатысушылардың өкілдері қатысуда.

    «Су, білім беру және ынтымақтастық» жобасының жетекшісі Екатерина Стрикелованың айтуынша, жоба бұл мәжілісте емес келесі жолы талқыланады. Өйткені аталымдар тізімін барлық елдер бірдей ұсынып, басқарушыларын тағайындап болған жоқ. Бұл жұмыс Қазақстанда ғана жүзеге асырылды. Тәжікстан, Ауғанстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстанда бұл толық жұмыс әлі бекітілмей отыр.  

      Жалпы 2015 жылдың қазанынан 2020 жылдың қыркүйегіне дейінгі уақытқа арналған бұл жобаның бюджеті 9,5 млн. АҚШ долларын құрайды. Мақсат – су  ресрустары бойынша аймақ елдерінің мамандарының өзара қарым-қатынасын жолға қою және әлеуетті жүзеге асыру. 4 құрамдас бөліктен тұратын жобада ғылым мен тәжірибіні ұштастырып, желілік байланысты дамытып, ұлттық деңгейдегі басымдықтарды жүзеге асырып, кіші шекаралық өзендер бойынша ынтымақтастық орнатылады.

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті