Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Қазақ театр өнерінің майталманы Есмұхан Обаев 75 жаста

23.06.2016

Қазақ театр өнерінің майталманы Есмұхан Обаев 75 жаста

            Бүгін Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының көркемдік жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, халық әртiсi, өнертану ғылымының профессоры, тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының лауреаты  Есмұхан Несіпбайұлы Обаев 75 жасқа толды.

         Е.Обаев 1941 жылы Алматы облысының Райымбек ауданында туған. Алматы мемлекеттік консерваториясын, Мәскеудегі Максим Горький атындағы академиялық театр курсын бітірген. Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрының, Ғабит Мүсірепов атындағы Балалар мен жасөспірімдер театрының қоюшы режиссері, Абай атындағы Семей облыстық музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі, Қазақ мемлекеттік театр және кино институтының ректоры болған. 1995-2001 жылдары - Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің бірінші орынбасары, орынбасары, Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.

       Ол режиссер болып З.Ақышевтің «Жаяу Мұса», Тахауи Ахтановтың «Боран», М.Кәрімнің «Ай тұтылған түн», Ш.Құсайыновтың «Сертке серт», Қ.Мұхамеджановтың «Өзіме де сол керек», Сәбит Мұқановтың «Ботагөз» және «Қашқар қызы», Бейімбет Майлиннің «Шұға», Әнуар Әлімжановтың «Махамбеттің жебесі бойынша, Роллан Сейсенбаевпен бірлесіп жазған «Өзімді іздеп жүрмін» мен Әкім Таразидің «Індет» спектакльдерін қойды. Семей музыкалық драма театрының бас режиссері болып, осы театр сахнасына бірқатар спектакльдер шығарды: Мұхтар Әуезовтің «Айман-Шолпан», «Еңлік-Кебек», «Абай», «Қарагөз», Ғабит Мүсіреповтің «Ақан сері-Ақтоқты», Евгений Брусиловский мен Ғабит Мүсіреповтің «Қыз Жібек», Тахауи Ахтановтың «Күшік күйеу», Сафуан Шаймерденовтің «Әнім сен едің», Е.Рахмадиев пен Ғабит Мүсіреповтің «Қайран, Майра», Дулат Исабековтің «Әпке» мен «Ертеңді күту», О.Бодықовтың «Қош бол, Бөрібасар», М.Сәрсекеевтің «Жарылыс», Қалтай Мұхамеджановтың «Комиссар Ғаббасов», Ж.Файзидің «Башмағым», Ф.Эрвенің «Түлкі бикеш» спектакльдері бар.

          «Парасат» орденімен марапатталған. Ол Германияда, Индияда, Кореяда, Қытайда, Ресейде, Өзбекстанда, Қырғызстанда, т.б. елдерде өткен қазақ өнерінің мәдени күндеріне шығармашылық жетекшілік жасады.

         http://www.inform.kz/kaz/article/2917529

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті