Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | «Қайрат» ФК УЕФА турнирлеріне қатыса алатын болды

23.06.2016

«Қайрат» ФК УЕФА турнирлеріне қатыса алатын болды

         «Қайрат» ФК УЕФА турнирлеріне қатыса алатын болды. Бұл туралы бүгін клубтың ресми сайтында мәлім етілді. 

       «Клубтың кеңсесіне Еуропа футбол қауымдастығынан хат келіп түсті. Онда «Қайрат» ФК тарапынан УЕФА-ның 2016/17 жылғы Еуропа Лигасына және 2016/17 жылғы Жастар Лигасына (ішкі чемпиондық жол) қатысуға қажетті өтінім құжаттамасы келіп түскендігі жазылған.

       Сондай-ақ, УЕФА бұл құжаттарды мұқият тексеруден өткізгеннен кейін, біздің клубтың 2016/17 жылғы Еуропа Лигасы Ережесінің 4.01 пункті мен 2016/17 жылғы Жастар Лигасының Ережесінде көрсетілген барлық қабылдау талаптарына жауап беретіндігін мақұлдады.

       Осылайша, УЕФА-ның Еуропа Лигасы Ережесінің 4.05 пункті мен УЕФА-ның Жастар Лигасы Ережесінің 4.04 пунктіне сәйкес, «Қайрат» футбол командасы УЕФА-ның 2016/17 маусымына арналған Еуропа Лигасы мен Жастар Лигасына қатыса алатын болды», - делінген мәлімдемеде.

         http://www.inform.kz/kaz/article/2917460

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті