Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | «Медея» - Дәрия Жүсіптің жұлдызын жаға ала ма?

23.06.2016

«Медея» - Дәрия Жүсіптің жұлдызын жаға ала ма?

     

     Алматыдағы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында Қайрат Жұмағалиевтің аудармасымен Еврипидтің «Медея» трагедиясы көрерменге жол тартты. Режиссер Алена Қабдешова Режиссер Алена Қабдешова «Медеяны» Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дәрия Жүсіпке арнап қойған көрінеді. Бұған дейін түрлі қойылымдарда Әйгерім,  Баян сұлу, Күлпаш, Дариға, Томирис, Сағила, Бөрте және Турандот, Шахризада, Гулчахра, Эда, Нигар ханум, Баронесса рөлдерін жарқырата ашқан актрисаның әлеуеті мен мүмкіндігін «Медея» көрсете алмағандай көрінді.

       Біздің дәуірімізге дейінгі 406-480 жылдары өмір сүрген грек драматургі Еврипидтің бұл туындысы театр сахнасындағы ең көне қойылымдардың бірі саналады.   Алғаш рет 438 жылы қойылған «Медея» әлі күнге дейін көрермен көңілінен шығуда. Бұл трагедияға әр режиссер өз қиялы бойынша ой жүгіртіп, астарынан мән-мағына іздеуге тырысады. Сол себепті оны қазақ театрлары да жатсынбай, сан мәрте сахнаға шығарды.  Әр шығармашылық ұжым тағдыры күрделі бұл тұлғаны өз шеберлігімен көрсетті. Мәселен, Қуандық Қасымовтың режиссерлігімен Айгүл Имаенбаеваның «А.И»  театры дәл осы спектакльмен Еуропаның Македония елінде өткен «Стоби» антикалық театрлардың ХІІІ Халықаралық фестивалінен Бас жүлдені олжалап қайтқан болатын. Медеяның әрекетін өз ойынымен ақтап шыққан  А.Иманбаеваның  шеберлігін бірқатар өнер сыншылары жоғары   бағалады.

        Енді еліміздің бас театрының репертуарына да Д.Жүсіптің сомдауымен қайта қосылған «Медея» әзірге режиссердің де, актрисаның да бағын жандыра алатына сенімнен көрі, күмән басым болып тұр. М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының кіші залында қойылып жатқан туындының көрермені де аздау болып тұрғаны соның айғағы болса керек.

        Ерлік Ержанұлы

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті