Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Қазығұртта лимон өсіріле бастады

24.06.2016

Қазығұртта лимон өсіріле бастады

      Күні кешеге дейін шетелден тасымал­данып келген лимон Оңтүс­тік жұрты үшін таңсық болудан қалды. Сарыағаш, Сайрам диқандары өсіріп келген цитрусті жеміс бүгінде таулы аудан саналатын Қазығұртта да жерсіне бастады.

     Қазығұрт ауданы, Қақпақ ауылының тұрғыны Оспанәлі Тақсықбаев жылыжайға отыр­ғызған 640 түп лимон ағашының әрқайсысынан 17-18 кило аралы­ғында жеміс жинап алды.

      Аса мықты дәрумендер қата­рына жатқызылатын лимон­ның бағасы да көңілдегідей. Диқан жинап алған он бір тонна лимоннан түскен табыс оны қанаттандырып, жылыжай көлемін тағы да арт­тыруға бел байлатып отыр.

     Сарыағаштағы тәжік орта мек­тебінің директоры еккен лимон туралы газетімізде бұрынырақта жазған едік. Әуелде қан қысымын төмендету мақсатында еккен отбасы лимонның үлкен пайда көзі екендігіне көз жеткен. Бүгінде олардың өнімін жыл сайын Ресей кәсіпкерлері көтерме бағамен алып кетеді.

       Осылайша, лимон жемісі ащы болғанымен, табысы тәтті болып тұр.

      Бақтияр ТАЙЖАН, «Егемен Қазақстан».Оңтүстік Қазақстан облысы

         https://egemen.kz/2016/06/24/48195

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті