Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Футболдан Қазақстан құрама командасының бас бапкері тағайындалды

24.06.2016

Футболдан Қазақстан құрама командасының бас бапкері тағайындалды

Фото: kfk.kz

       Бүгін футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы болып Талғат Байсуфинов тағайындалды. Ол Орал қаласының «Ақжайық» клубының бас жаттықтырушысы қызметінен кетті.

       Биыл Талғат Байсуфинов Қазақстан ұлттық құрамасы бас жаттықтырушысының міндетін атқарушы болып жұмыс істеді. Оның жетекшілігімен еліміздің бас командасы үш кездесу өткізді. Түркияның Анталья қаласында Қазақстан құрамасы Әзербайжан жасағын 1:0 есебімен жеңсе, Грузия командасымен 1:1 есебімен тең түсті. Одан кейін ұлттық құрама Дальян қаласында Қытай командасымен кездесіп, 1:0 есебімен жеңіске жетті. Сөйтіп, Талғат Байсуфинов жасақтаған команда үш матчта 7 ұпай жинады. Бұл – бұрын ұлттық құраманың тізгінін ұстамаған жаттықтырушы үшін жақсы нәтиже.

      Бүгін Астанада белгілі маманның жаңа қызметіне байланысты өткен кездесуде федерацияның президенті Ерлан Қожағапанов еліміздің бас командасының соңғы матчтарына жақсы баға беріп, Талғат Байсуфиновке сәттілік тіледі. «Қазақстан соңғы ойындарда жақсы өнер көрсетті. Әзербайжан мен Қытайды ұтты. Біз ардагерлермен кеңесіп, Қазақстан командасының бас жаттықтырушысы қызметіне Байсуфиновті лайық деп шештік. Енді оның алдында еліміздің ұлттық құрамасының 2018 жылы Ресейде өтетін әлем чемпионатына жолдама алу міндеті тұр. Қыркүйек айында Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеу турниріне қатысады. Отандастарымыз Е тобында Румыния, Дания, Польша, Черногория және Армения командаларымен кездеседі», деді ол.

       Бұған дейін Қазақстан құрамасының бас жаттықтыршысы болып 13 адам қызмет етті. Байсуфинов 14-ші. Бақтияр Байсейітов (1992), Бауыржан Баймұхамедов (1994), Серік Бердалин (1995 – 1997), Сергей Городоховацкий (1998), 2000 жылы Ваит Талгаев пен Владимир Фомичев,   Вахид Масудов (2001  – 2002), Леонид Пахомов (2002-2004), Сергей Тимофеев (2004-2005), голландиялық мамандар Арно Пайперс (2005-2008) пен Бернд Шторк (2008-2010), чехиялық Мирослав Беранек (2011-2013), 2014-2015 жылдары ресейлік Юрий Красножан  бас жаттықтырушы болды.

      Талғат Байсуфинов 1992 жылдың 1 маусым күні еліміздің тәуелсіз ел ретінде өткізген алғашқы халықаралық матчына қатысқан. Ол алғаш рет жасыл алаңға 1985 жылы шыққан. Сол кезде 1985 – 1986, 1989 жылдары КСРО чемпионатында Павлодардың «Трактор» командасында өнер көрсетті. 1990 – 1991 жылдары «Металлург» (Ермак, қазіргі Ақсу қаласы) клубында ойнады. Одан кейін 1992 – 2003 жылдары Қазақстан чемпионатында «Аңсат» (қазіргі «Ертіс» клубы, Павлодар), «Еңбек» (Жезқазған), «Трактор-2» (Павлодар), «Экибастузец» (қазіргі «Батыр»), «Жетісу» (Талдықорған), «Маңғыстау» (Ақтау) мен  «Восток» (Өскемен) клубтарында ойнаған. Қазақстан чемпионатында 165 рет алаңға шығып, 23 гол соққан.

       2003 жылдан осы күнге дейін «Есіл-Богатырь», «Ақсу», «Ертіс» пен «Ақжайық» клубтарының бас жаттықтырушысы болған.

        Дастан КЕНЖАЛИН

   https://egemen.kz/2016/06/24/48325

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті