Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Қазақ, қырғыз және өзбек елдері Тянь-Шаньды Әлемдік мұра тізіміне қосуды ұсынды

27.06.2016

Қазақ, қырғыз және өзбек елдері Тянь-Шаньды Әлемдік мұра тізіміне қосуды ұсынды

Қазақ, қырғыз және өзбек елдері Тянь-Шаньды Әлемдік мұра тізіміне қосуды ұсынды

      2016 жылдың 10-20 шілде аралығында Ыстамбұлдың конгресс орталығында (Түркия) өтетін 40-сессия барысында ЮНЕСКО Әлемдік мұра Комитеті Әлемдік мұра тізіміне ену үшін берілген 29 өтінімді қарайды.

         Түркияның елшісі және Сыртқы істер министрлігінің мәдениет және туризм бөлімінің бас директоры Лале Улькер Комитет төрайымы болып сайланды.
        ЮНЕСКО аңдатпасында хабарланғандай, Комитет 9 табиғи, 16 мәдени және 4 аралас (табиғи-мәдени) нысанның кандидатурасын қарайды. Одан бөлек, алдағы сессияда Комитет Әлемдік мұра тізіміне енген 108 нысанның және апатты жағдайда тұрған 48 нысанның жай-күйін тексермек.
       Комитет отырысының тікелей трансляциясы www.whc.unesco.org. сайтында жүргізілетін болады.

          Әлемдік мұра тізіміне енгізу үшін мына нысандар ұсынылды:

Табиғи нысандар:

  • Мистейкен Пойнт (Канада)
  • Хубей провинциясындағы Шэньнунцзя (Қытай)
  • Шен-де-Пюи тау тізбектеріндегі және Лиман жеріндегі тектоникалық-жанартаулық түзілім (Франция)
  • Деште-Лут шөлі (Иран Ислам Республикасы)
  • Батыс Тянь-Шань (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан)
  • Ревилья-Хихедо архипелагы (Мексика)

    • «Санганеб» және «Дунгонаб - Мековар бухтасы» аралы ұлттық теңіз қорықтары (Судан)

  • Кенг Крачан орман кешені (Тайианд)
  • Койтендаг тау экожүйелері (Түркменстан)
  • Аралас табиғи-мәдени нысандар:
  • Пимачиовин Аки (Канада)
  • Канченджанга ұлттық паркі (Үндістан)

     • Ирак оңтүстігіндегі месопотамиялық батпақтар: Месопотамия қалаларының биологиялық алуан түрлілік орталығы және ескіден қалған ландшафттары (Ирак)

  • Эннеди тау үстіртінің табиғи-мәдени ландшафты (Чад)

Мәдени нысандар:


      • Ле Корбюзье сәулеттік мұрасы: модернизмге қосқан өлшеусіз үлес (Германия, Аргентина, Бельгия, Франция, Үндістан, Жапония, Швейцария)

     • Антигуадағы Нельсонның кеме жасайтын орны және онымен байланысты сәулеттік нысандар (Антигуа және Барбуда)

     • Стечки - ортағасырлық мазарлар (Босния және Герцеговина, Хорватия, Черногория, Сербия)

  • Модернизм стиліндегі Пампулья кешені (Бразилия)

     • Цзоцзян Хуашань тасқа қашау өнерінің мәдени ландшафты (Қытай)
     • Задар түбегіндегі монументтік құрылыс кешенінде орналасқан римдік урбанизм (Хорватия)

  • Антекера жалпақ тастар құрылысы (Испания)
  • Фрэнк Ллойд Райт сәулеттік модернизмінің аса көрнекті ескерткіштері (Америка Құрама Штаттары) Филипп қаласының археологиялық кешені (Грекия)
  • Наланд Махавихардың қалпына келтірілген үйінділері (Үндістан)
  • Парсы кәрізі (Иран Ислам Республикасы)
  • Нан-Мадол: Шығыс Микронезияның діни орталығы (Микронезия Федерациялық Штаттары)

    • Панама қаласының тарихи орталығы және археологиялық ескерткіштері [«Панама-Вьехо археологиялық ескерткіштері және Панама қаласының тарихи бөлігі» нысанының шекарасын елеулі түрде өзгерту] (Панама)

   • . Гибралтардағы неандерталдықтардың үңгірлері және іргелес аумақтар (Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі)

  • Пхупхрабат тарихи паркі (Таиланд)
  • Ани археологиялық нысаны (Түркия)


Әлемдік мұра жоғалу қаупіндегі ескерткіштер тізіміне төмендегі нысандар ұсынылды:


  • Джа фауналық қорығы (Камерун)

    • Таламанка-Рейндж және Ла-Амистад резерваттары/Ла-Амистад ұлттық паркі (Коста-Рика/Панама)

  • Омо өзенінің төменгі ағысындағы аңғар (Эфиопия)
  • Дженне көне қалалары (Мали)
  • Катманду аңғары (Непал)
  • Шахрисабз қаласының тарихи орталығы (Өзбекстан)
  • Донгфаяйен-Кхауяй орман кешені (Таиланд)

     Әлемдік мұра комитеті сессиясы қарсаңында 29 маусым-12 шілде күндері Ыстамбұл қаласында жастар мәселесі жөніндегі сарапшылар форумы өтеді. Форумға мұраны сақтау, қорғау жұмыстарына қызығушылық танытқан әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған жас мамандар қатысады. Форум соңында қатысушылар Әлемдік мұра комитетінің 40-сессиясының ашылуында таныстырылатын декларация қабылдайтын болады.

     www.inform.kz/kaz/article/2918414 
Толығырақ: http://alashainasy.kz/kazak_tarihy/kazak-kyirgyiz-jane-ozbek-elder-tyan-shandyi-alemdk-mura-tzmne-kosudyi-usyindyi-84899/

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті