Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Түркияда қазақ әдебиеті туралы монография шығарды

28.06.2016

Түркияда қазақ әдебиеті туралы монография шығарды


     Анкара қаласы Гази университетінің доценті, ғалым-түрколог Джемиле Кынаджы 1925-1991 жылдар кезеңіндегі көрнекті қазақ жазушыларының шығармашылығын зерттеу бойынша өз монографиясын шығарды.

        «Қазақ әдебиетіндегі тұрмыс және біртектілік» атты Дж.Кынаджы кітабы М. Әуезов, Ж. Аймауытов, С. Сейфуллин, Б. Майлин, С. Ерубаев, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, Ә. Кекілбаев, М. Мағауин сияқты қазақ жазушыларының романдарын талдауды қамтиды.

         Монография авторы атап өткендей, оның идеясы түрік оқырмандарына Кеңес Одағы кезеңіндегі қазақтардың тыныс-тіршілігі туралы ақпаратты жеткізу болды. Атап айтқанда, оның айтуынша, аталмыш классиктердің романдары КСРО құрамында болғанына қарамастан, өз дәстүрі мен мәдениетін сақтаған қазақтың бар болмысын бейнелеп береді. Дж.Кынаджының пікірінше, ол уақыттағы әдебиетшілердің рөлі зор болған.

         Осы еңбектермен қатар, Дж.Кынаджы Ғабит Мүсіреповтің «Ұлпан» романын түрік тіліне аударды. Кітап шығарылып,  Түркия кітапханалары мен ЖОО-ларға таралды, деп мәлімдеді ТР-дағы ҚР Елшілігінен.

         http://www.inform.kz/kaz/article/2919046

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті