Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | ҚР Президенті жазушы Софы Сматаевты мерейтойымен құттықтады

28.06.2016

ҚР Президенті жазушы Софы Сматаевты мерейтойымен құттықтады

     Алматыда 27 маусымда М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында көрнекті қаламгер,  белгілі қоғам қайраткері Софы Сматаевтың 75 жасқа толуына орай салтанатты кеш өтті. Онда Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сұлтанбек Мәкежанов мерейтой иесіне жолдаған ҚР Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтауын оқып берді.

      «Құрметті Софы Қалыбекұлы! 75 жасқа толған мерейтойыңыз құтты болсын. Халқымыз өзіңізді әдебиеттің әр алуан жанрларына қалам тербеп, өнімді еңбек етіп келе жатқан қабырғалы қаламгерлеріміздің бірі ретінде жақсы біледі, әрі құрметтейді. Еңбек жолыңызды өндіріс саласында бастап, өмірді жетік білуіңіз, мемлекеттік және басшылық қызметтерде шыңдалуыңыз сіздің шығармаларыңызға шынайылық дарытып, оқырмандарыңыздың  ықыласына бөленуіне әсер етті. Қаламыңыздан туған сүйікті романдар, хикаяттар мен әңгімелер, халқымыздың тарихи тұлғалары туралы жазылған либреттолар мен аударма туындыларыңыздың ұлтымыздың рухани қазынасында алатын өзіндік орны бар. Публицист ретінде қоғамдағы мәселелерге өз үніңізді қосып отырсыз. Денсаулығыңыз мықты, отбасыңыз аман-есен, шығармашылық қызметіңізге әрдайым жемісті ғұмыр берсін.   Сізге ұзақ та бақытты ғұмыр тілеймін», – дейді өз лебізінде  Н.Әбішұлы.

     Бұл күні мұндай құтықтауларды ҚР Парламент СЕнаитының, ҚР Парламент Мәжілісінің және  Қазақстан Жазушылар одағының төрағалары, ҚР Мемлекеттік хатшысы,  Алматы қаласы мен Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау облыстарының әкімдері және  ҚР Қорғаныс министрі, ҚР Мәдениет және спорт министі, ҚР Энергетика министрі  жолдапты.

       Ерлік Ержанұлы 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті