Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Түркия қазақтарының кіші құрылтайы өтеді

29.06.2016

Түркия қазақтарының кіші құрылтайы өтеді

     Ыстамбұл қаласында 8-10 шілде күндері Түркия қазақтарының кіші құрылтайы өтеді. Ол Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен қазақтардың Түркияға көшіп барып қоныстануына 64 жыл толуына арналып отыр.

      Құрылтай аясында 6-7 шілде күндері Бакиркой ауданында Қазақ-түрік қорының ұйымдастыруымен өтетін футбол турнирі болады. 8 шілде күні мұнда Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы мен Қазақ-түрік қоры биыл 150 жылдық мерейтойы атап өтіліп жатқан Зұқа батыр  атындағы ұлттық ойындар жарысын өткізеді. Онда асық ату, арқан тарту, тоғызқұмалақ ойындары ұйымдастырылады. Оны ҚР Асық ату  федерациясының вице-президенті Жомарт Сабыржанов жүргізеді. Ал қазақ тілінің сайысын Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың үйлестіру әдістемелік орталығының директоры Ербол Тлешов өткізеді.

      9 шілде күні Қазақстаннан барған құрметті меймандар  Түркияның бұрынғы мемлекет және үкімет басшылары Тұрғыт Өзал мен Аднан Мендерестің қабірінің басына зиярат етеді. Одан кейін Қазақ-түрік қорында Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың  Қазақстан халқына Жолдауы бойынша  «Қазақстан жаңа жахандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты халықаралық дөңгелек үстел жиынын өткізеді. Оған «Интеллигент Орда» әлеуметтік-зерттеу институтының бас директоры, профессор Саттар Мәжитов модератор болады.

       Сондай-ақ Джем каража өнер залында  Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы мен Қазақ-түрік қорының ұйымдастыруымен «Мәншүк» ЖШС-нің директоры Саулет Тұрсынхан «Менің Елім» атты ұлттық киім көрмесін,  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әлібек Асқар кітап көрмесін жасайды. Одан кейін  әншілер Бағдат Сәмединова, Ерлан Рысқали, Меруерт Түсіпбаева, Нұржан Жанпейісов, Арай Асқап және сыбызғышы Талғат Мұқышевтың қатысуымен  гала концерт болады.

          Құрылтайға қазақстандық делегацияны Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев бастап барады. Оның құрамында мәдениет және өнер қайраткерлері мен БАқ өкілдерінен басқа ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Сауытбек Әбдірахманов, ҚР Президент әкімшілігінің қызметкері Әділбек Алпысбай, Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл комитетінің басқарма басшысы Толқын Исакова, «Зұқа батыр» қорының директоры Нұрбек Сабыржанов бар.

      Ерлік Ержанұлы

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті