Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | «Анаға апарар жол» фильмінің тұсаукесері Мәскеуде өтті

30.06.2016

«Анаға апарар жол» фильмінің тұсаукесері Мәскеуде өтті

29-06-2016 Анаға апарар жол

    Белгілі режиссер, кинематограф Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» фильмінің тұсау­кесері Ресей астанасында өтті. Жаңа туынды 1930 жылдан бас­тап бүгінге дейінгі ара­лықты қамтиды. Халықтың көр­ген қи­ыншылықтары, сол кезең­дегі аштық, қуғын-сүргін, соғыс жылдары, соғыстан кейінгі елдің нашар тұрмысы – бәрі-бәрі фильм сценарийіне арқау болған. Тағ­дыр­дың жазуымен бір-бірінен ажырап қалған ана мен баланың жылдар бойғы сағынышы, бастарына түскен қиындықтарды еңсеріп, қайта қауышқан сәттері көрермендерді еріксіз жылатты.

       Драмаға толы фильмнің түсі­рілім жұмыстары Қазақстанда, Әзербайжанда, Беларусьте өткен.

       – Алты ай уақытымызды сарп еттік. Күн демей, түн демей, қолы­мыздан келгеннің бәрін жаса­дық. Аталарымыздың бастан кеш­кен қиындықтарын барынша шынайы жеткізуге тырыстық, – деді басты рөлді сомдаған Әділ Ахметов.

       Бұл – алғашқы ашық көрсе­тілім. Тұсаукесерге келгендердің көңілінен шыққаны айдан анық. «Асқан шеберлікпен түсірілген. Соғыс жүріп жатқан тұстары мен киноның ауқымдылығы таңғал­дырды», деген жылы лебіз­дерін білдіріп жатты киносыншылар.

        – Маған қатты ұнады. Фильм аяқталар тұста көзімнен жас ағып кеткенін байқамай қалдым. Актерлердің, операторлардың жұ­мысы тіптен ерекше, – деді актер Иван Николаев.

          Аян ӘБДУӘЛИ, «Егемен Қазақстан»

      https://egemen.kz/2016/06/30/49227

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті