Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Шәлкөдеде ұлт-азаттық көтерілісіне 100 жыл толуына байланысты үлкен ас беріледі

30.06.2016

Шәлкөдеде ұлт-азаттық көтерілісіне 100 жыл толуына байланысты үлкен ас беріледі

         

     Алматы облысының Райымбек ауданындағы әйгілі Шәлкөде жайлауында 9 шілде күні 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерлісінің 100 жылдығына орай Түгелбай Әденұлы, Жанпейіс Малқараұлы, Қата Мергенбайұлы, Диханбай Жанпейісұлы рухына арнап бабалар ұрпақтары үлкен ас береді.

        Олардың ішінде Жанпейіс Малқараұлы (1788-1866) мен Түгелбай Әденұлы (1799-1882) көтерлістен бұрын көз жұмса, Диханбай Жанпейсұлы (1788-1918) көтерліс кезінде, ал Қата Мергенбайұлы (1887-1931) жау қолынан аман қалған боздақтардың бірі.

        1916 жылғы қазақ халқының ұлт-азаттық көтерлісі тарихқа Жетісу өлкесінде Қарқара немесе Албандар көтерлісі деген атпен енген болатын. Оны Ұзақ пен Жәмеңке батырлар бастады.  Елдің амандығы үшін оған тұрмыс деңгейі мен әлеуметтік мәртебесіне қарамастан бүкіл халық жұмыла қатысты. Мәселен 1857 жыл Шәлкөдеде дүниеге келген Райымбек батырдың ұрпағы Диханбай Жанпейісов болыс болса, Қата Мергенбайұлы Албан тайпасының  Қожбанбет деген руының бас көтерер азаматы болған.

         Бабалар ұрпақтарының еске алу шарасы кезінде Түгелбай Әденұлының кесенесі ашылып, ас беріліп, концерт қойылып, ұлттық ойындар мен бәйге жарысы ұйымдастырылмақ.

     Қосымша: бұған біз сайтымызда  "Ана тілі" газетінде жарияланған Бағдат Ағыбетовтің "Диқанбай батыр" атты мақаласын көшіріп басқан болатынбыз. http://qazaq-alemi.kz/more?page_id=45&id=2254

      Ерлік Ержанұлы

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті