Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Астанада көшпелілер өркениеті фестивалі 3 күнге созылады

30.06.2016

Астанада көшпелілер өркениеті фестивалі 3 күнге созылады

         Елорданың туған күнінде «Хан Шатыр» СОО жанындағы алаңда дәстүр бойынша нағыз ежелгі көшпелілер ауылы қоныс тебеді. Мерекелік шаралар тізбегіндегі көптен күтетін оқиғалардың бірі «Мыңжылдықтар тоғысындағы Астана» көшпелілер өркениеті фестивалі 3 шілде күні шымылдығын ашады. Аталмыш шара шілденің 6-сына дейін жалғасады.

      Ұйымдастырушылар ата-бабаларымыздың өмірі мен тұрмыс-тіршілігі жайлы баяндап беретін қанық бағдарлама әзірледі. Қонақтар таңғы сағат 11-ден кешкі 22.30-ға дейін этноауылдың көшпелі халқының мәдениетінің әралуандылығын тамашалай алады.

     Қалашыққа келетін ең кішкентай қонақтар үшін кіреберісте киізден алаңқай жасалады, бұрын балалар осындай алаңда ойнаған. Осы жерде жас білімқұмарлар мереке күндері киіз үй құруды үйренеді. Сонымен қатар, фестиваль қонақтары «Көшпелілер музейін» аралайды, қазақ ұлттық ойындарынан сайыстарға қатысады. Көшпелілер циркі, би ұжымдарының өнері, дәстүрлі «Ат жалында» атты каскадерлік шоу, «Саят» аушы құстар думаны және салт-жоралық, музыкалық фольклор фестиваль бағдарламасы көрермендерін одан сайын қызықтыра түспек. Ал «Костюмдер тарихы» бағдарламасында ұлы дала төсінде балалар киген киім-кешекпен, оның тарихымен танысуға болады.

      Әдеттегідей, фестивальге Қазақстанның өңірлерінен ғана емес, сонымен қатар, таяу шетелдерден де халық қолөнерінің шеберлері келеді. Шеберлік дәрістер барысында қолөнершілер қарапайым жіптен ою-өрнекті кілем тоқу немесе металл кесегінен көздің жауын алатын әшекейлер жасау өнерін ортаға салады. Сондай-ақ олардың еңбектерін қолданбалы өнер заттары сатылатын жәрмеңкеден табуға болады.

      Фестивальдің әр күні ерекше сазды концерттер ұйымдастырылады. Мысалы, шараның ашылуында сағат 16.00-де ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығына арналған эпикалық әндерді тыңдауға болады. Ал кешкесағат 21.30-дан 22.30-ға дейін қонақтар Нұрлан Өнербаевтың концертін тамашалайды.

      Келесі күні қазақ халқының ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына орайластырылған концерт өтеді. Мұнда ақынның қанатты шабытпен дүниеге келген шығармаларын тыңдауға болады.

      Ал шараның соңында келушілер «Жүйелі сөз» дәстүрлі ақындар айтысын тамашалайды.

     Мұнымен қоса, 5 шілдеде сағат 16.00-де қонақтар үшін атақты әнші, композитор Дәнеш Рақышевтың 90 жылдығына орайластырылған «Күміс көмей» дәріс концерт ұйымдастырылады. Содан кейін сағат 19.00 ақындар ақтық сында сөз жарыстырады, мерекелік жыр сайысының қорытындысы шығарылады.

      Фестивальдің соңғы күні жыр төгліп, күй күмбірлейді. «Хассак» және «Сарыарқа» фольклорлық-этнографиялық ансамбльдердің концертінен кейін сағат 17.00 еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған эпос кеші өткізіледі. Аталмыш кең ауқымды шараның шымылдығы дәстүрлі «Астана-Арқау» түркі музыкасы фестивалімен жабылады.

       Көшпелілер өркениеті фестивалі сағат 20.00 «Той тарқар» шарасымен салтанатты түрде жабылады. 

         http://www.inform.kz/kaz/article/2920244

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті