Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Қазақ Географиялық Қоғамы «Әлихан Бөкейхан ізімен» атты экспедиция ұйымдастырады

01.07.2016

Қазақ Географиялық Қоғамы «Әлихан Бөкейхан ізімен» атты экспедиция ұйымдастырады

      Биыл Қазақ тарихындағы көрнекті тұлғаның бірі, «Алаш» ұлт азаттық қозғалысының негізін қалаушы, қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханның туғанына 150 жыл толды.

        Әлихан Бөкейхан - қоғам қайраткері ғана емес, саясаткер, ағартушы, журналист, қазақ тіліндегі алғашқы география оқулығының авторы, этнограф, Орыс географиялық Қоғамының мүшесі. ЮНЕСКО көлемінде аталып өтіп жатқан мерейтой аясында бүгінде Ресей мен Түркияда айтулы шаралар болып өтті. Қазақстанда да әлем мойындаған Алаш зиялысының өмірін, шығармашылық жолын, саяси тұғырын танытарлық, Алаш көсемінің сан түрлі өнерді бойына жиған жан-жақты қырын ашарлық конференциялар мен дөңгелек үстелдер өткізіліп, шаралар ұйымдастырылуда.

        Бұл әлемдік шарадан Қазақ Географиялық Қоғамы да тыс қалмай, «Әлихан Бөкейхан ізімен» атты экспедиция ұйымдастыруды жоспарлауда, деп хабарлады Фейсбуктегі парақшасында. Құрамына Айгүл Ісімақова, Қайырбек Кемеңгер, Айжан Хамит, Елдос Тоқтарбай секілді т.б. жетекші алаштанушылар мен тарихшылар тартылған экспедиция Ақтоғайдан басталып, Қарқаралы, Семей, Омбы, Санкт-Петербург, Минск, Самара, Орынборда болып, бағдарын Мәскеуде аяқтамақ.

        Экспедицияның мақсаты - Әлихан Бөкейханның өмір жолын кең арнада таныстыру, оқырмандарға еңбектерін таныту, Алаш көсемінің ел еркіндігі үшін істеген ерен еңбегін насихаттау. Сондай-ақ әлі көпшілік қауымға мәлім бола қоймаған дәйектер мен құжаттар іздестіру болмақ.

           http://www.inform.kz/kaz/article/2920519

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті