Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Еурокубок-2016: «Қайрат» сырт алаңда «Теутаны» ұтты

01.07.2016

Еурокубок-2016: «Қайрат» сырт алаңда «Теутаны» ұтты

© bnews.kz

© bnews.kz

      Еуропа лигасының І іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчын Қазақстанның вице-чемпионы «Қайрат» Албанияның Дуррес қаласында өткізді.

        1,5 тәулік бұрын келіп, жергілікті климатқа бой үйретті десек те, күннің ыстығы алматылықтардың бар қайратын көрсетуіне мүмкіндік берген жоқ. «Қайрат» бұл ойынға бірқатар проблемаларының шешімін таппай тұрып кірісуге мәжбүр болды. Орталық қорғаушы Тимур Рудосельский жарақаттанып қалған соң, оның орнын Станислав Лунин басты. Лунин негізінен қапталдың ойыншысы, оның үстіне, табиғаты шабуылға жақындау. Бірақ бас бапкер Кахабер Цхададзе қолдағы барды ұқсатуға тырысып бағып жүр. Трансферлік кезеңнің соңғы күні болып саналатын 5 шілдеге дейін мықты қорғаушы шақырып үлгермесе, алматылықтар осылайша футболшылардың шебін өзгертіп қолданудан басқа амал таппасы анық.+
      Дегенмен Лунин Жарко Марковичпен үндесе қимылдай отырып, матчты жақсы өткізді. Алаң иелері алғашқы минутта қарқынды ойын көрсетті. Бұл сәттерде Тимощук, Бақаев, Тесак сияқты тәжірибелі ойыншылардың қарсыласты күтпестен, допты үнемі тартып алып отыруы «Теутаны» қатты састырды. І тайм ортасында Бақаевқа қарсы «теуталықтар» дөрек ойнады, ІІ тайм басында да Аршавин біраз ауырсынып жатты, дегенмен екеуі де ойынға тез оралды. 

         Бірте-бірте «Қайрат» өз ойынын тапты. Алматылықтар екі қапталдан да, ортадан да комбинациялық шабуылға көшті. 70 минутта қарсы шабуылға тез шығып, Жерар Гоу допты оң қапталдағы Аршавиннің аяғына салып берді. Ресейлік легионердің соққысы жолай қорғаушының аяғынан сәл қиыстап, Мочканың қақпасынан бір-ақ шықты.
        Алаң иелері қанша тырысқанмен, «Қайрат» бәрібір олардың жүйелі шабуыл ұйымдастыруына мүмкіндік берген жоқ. Керісінше, біздің команда есепті ұлғайтатын бірнеше мүмкіндікті уысынан шығарып алды. 90+2 минутта Бауыржан Исламханның соққысы Мочка қақпасының жақтауынан кері қайтты. 
        Сөйтіп, «Қайрат» сырт алаңда жеңіске жетті. Қарымта матч 7 шілде күні Алматының Орталық стадионында өтеді.
        «Теута» (Албания) – «Қайрат» (Қазақстан) – 0:1 (Аршавин, 70)

            bnews.kz 

 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті