Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | 2016 жылғы Қазақстан Республикасының Əдебиет жəне өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның хабарламасы

04.07.2016

2016 жылғы Қазақстан Республикасының Əдебиет жəне өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның хабарламасы

      2016 жылғы Қазақстан Республикасының Əдебиет пен өнер саласындағы           Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия аталған сыйлықты алу үшін алдын ала іріктеуден өткен жəне конкурстың келесі кезеңіне жіберілген шығармалардың тізімін ұсынады:

Əдебиет секциясы бойынша

      Авторлар ұжымы: Қасқабасов Сейіт Асқарұлы, Қалижанов Уəлихан Қалижанұлы, Əзібаева Бақытжан Уəли қызы, Əлібеков Тоқтар Кесімұлы, Қосанов Серікбай Қылышбайұлы – «Бабалар сөзі» 100 томдық сериясы.

     М.Əуезов атындағы Əдебиет жəне өнер институты жəне Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы ұсынған.

        Нұржекеев Бексұлтан – «Ай, дүние-ай» романы.

«Қазақстан Жазушылар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынған.

        Отарбаев Рахымжан Қасымғалиұлы – «Шыңғыс ханның көз жасы» хикаят жəне əңгімелер жинағы.

      Атырау облысының əкімдігі ұсынған.

        Сариев Шөмішбай Нағашыбайұлы – «Поэзия падишасы – лирика» жыр жинағы.

      М.О.Əуезов атындағы Əдебиет жəне өнер институты ұсынған.

      Ыбыраев Маралтай Райымбекұлы – «Қаратау ғазалдары» жыр жинағы.                     «Жамбыл» əдеби-көпшілік, танымдық журналы ұсынған.


Музыка, театр жəне кино секциясы бойынша

       Авторлар ұжымы: Жолжақсынов Досхан Қалиұлы, Одинаев Рустем Давлиятович, Ибрагимов Рифкат Иман Каримович, Бектеміров Айдос Жұмаділдəұлы, Салыкова Нурсифат Рахимбаевна – «Құнанбай» толық метражды көркем фильмі.

      Қазақстан кинематографистер одағы мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы ұсынған.

      Авторлар ұжымы: Аширов Ахмет Аксупиевич, Шамиев Ялкуньжан, Именов Қахарман Ильжанович, Дараев Махмут Марипович, Давутов Фархаджан Хамитович – А.Ашировтың «Жалғыз жалбыз» драмасы.

     Құдыс Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік ұйғыр музыкалық комедия театры ұсынған.

      Урманчеев Тимур Акрямович – «Времен связующая нить» қайырымдылық жобасы.

     Алматы қаласының əкімдігі жəне «Дегдар» Гуманитарлық қоры» корпорациялық қоры ұсынған.

Бейнелеу өнері жəне сəулет секциясы бойынша

        Бинашев Тілеуберді Мелдешұлы – «Ұлы Даланың мəңгілік мүсіндері» топтамасынан алынған «Отан – отбасынан басталады» композициялық мүсіндер.                 Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы ұсынған.

      Муллашев Камиль Валиахмедович – Қазақстан Республикасы Тəуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тəуелсіздікке тарту» шығармалар циклі.

     Астана қаласы Суретшілер одағы ұсынған.

       Комиссия бұл шығармаларды ашық талқылауға шығармашылық жəне қоғамдық ұйымдарды, мəдениет ұжымдарын, осы саланың мамандарын шақырады. Пікірлеріңізді осы жылдың 10 қыркүйегіне дейін мына мекен-жайға жолдауларыңызды сұраймыз: 010000, Астана қаласы, «Министрліктер үйі», 15-кіреберіс, Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігі. Тел.: 8 (7172) 740475

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті