Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Бейбіт Ыстыбаев «Қазақстан Барысы» турнирінің үш дүркін чемпионы атанды!

04.07.2016

Бейбіт Ыстыбаев «Қазақстан Барысы» турнирінің үш дүркін чемпионы атанды!

          Астанада төрінде Ұлт Көшбасшысы - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүлдесі үшін «Қазақстан Барысы-2016» республикалық турнирі өз мәресіне жетті. 

       Финалда белдескен Жұманазар Ерсұлтановтан айласын асырған Бейбіт Ыстыбаев «Қазақстан Барысы» турнирінің үш дүркін чемпионы атанды! Бейбіт осыған дейін 2012 және 2015 жылы «Қазақстан Барысы» атағына қол жеткізген болатын. Күміс белбеуді иеленген Оңтүстік Қазақстан облысының балуаны Жұманазардың еншісінде осыған дейін «Қазақстан Барысы» турнирінің қола белбеуі бар. Ал үшінші орын алған жамбылдық Айбол Айтбек биыл бірінші рет жүлдеге иелік етіп отыр. 

       Естеріңізге сала кетейік, 1-ші орын алған Ыстыбаевқа 25 000 000 теңге, алтын тайтұяқ және Астанадан бір бөлмелі пәтер берілді. Екінші орын алған Ерсұлтановқа 5 500 000 теңге, үшінші орын алған айболға 1 800 000 теңге көлемінде сыйлық табысталды.

        http://www.inform.kz/kaz/article/2921312

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті