Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Елбасы қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

05.07.2016

Елбасы қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады


     Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Құрметті отандастар!


        Баршаңызды мұсылмандардың қасиетті Ораза айт мерекесімен құттықтаймын!

     Рамазан - адамзат баласын рухани тазару арқылы мейірімділік пен сабырлылыққа жетелейтін ұлық та қасиетті айлардың бірі.

     Ораза айттың шуақты күндерінде мұсылмандар бір-біріне айттап, жылы лебіздері мен ізгі тілектерін білдіреді.

      Мұқтаж жандарға қол ұшын созып, қуанышқа кенелту де - қасиетті мерекенің жарқын көріністерінің бірі.

      Ораза айт - бір шаңырақтың астында ауызбіршілік пен келісімде өмір сүріп жатқан барша қазақстандықтарды біріктіре түсетін ынтымақ мейрамы.

      Осы мызғымас құндылықтарымыздың арқасында біз Тәуелсіздік алғаннан бергі 25 жылда қарқынды түрде дамып келеміз.

       Қастерлі Қазақстан жерінде өтетін әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі өркениеттер үндестігіне сүбелі үлес болып қосылуда.   

      Ораза айт мерекесіндегі игі істер исламның қайырымдылық пен мейірімділіктің, өзара көмек пен жанашырлықтың діні екенін айшықтай түседі.

      Қасиетті мейрам күндері әрбір шаңыраққа шаттық пен денсаулық, игілік пен бақ-береке тілеймін.

        Елімізде бірлік пен келісім салтанат құра берсін!  

       Ораза айт мерекесі құтты болсын!   

         http://www.inform.kz/kaz/article/2921779

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті