Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Асықтан жасалған асық

05.07.2016

Асықтан жасалған асық

       

        Шығыс Қазақстан облысы Мамырсу ауылы С.Ғаббасов атындағы орта мектеп алдына асықтан жасалған асықтың кіші архитектуралық формасы қойылды.

        Оны жасаған осы білім ордасының сурет пәнінің мұғалімі Сыдықов Қайрат Рахымжанұлы. Қайрат Рахымжанұлы 25 жылдық еңбек өтілі бар жоғары санатты мұғалім. Оқушылары көптеген облыстық республикалық сайыстардан жүлделі болған еңбекқор ұстаз екен. Архитектуралық форманың астындағы тағаны 1 метр. Оюланып өрнектелген. Асықтың көлемі ені 30, биіктігі 60 см. жұмысқа мыңнан аса асық жұмсалған екен. Жобаны іске асыруға шамамен 70 мыңнан жоғары қаржы кеткен. Осы мектепте оқып өсіп, қазірде осы шаңырақта қызмет атқарып жатқан автор бұл туындыны «Туған жерге тағзым» акция аясында өзім оқыған мектепке жасаған сыйым деп біледі екен. Айтпақшы Қ.Сыдықов былтыр да мектеп алдына шамамен жүз мың теңге қаражатқа тырнаның ескерткішін жасапты. Қайрат Рахымжанұлы асықтан жасалған асық жасау туралы идея авторы мектепт директоры Дүйсекенов Рифхат Зайтұлы екенін айтып алдағы уақытта да ауылдың абаттануы мектептің көріктенуі мақсатында тың жобалармен қуанта беретінін жеткізуде.

           https://baq.kz         

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті