Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Қаскелеңде қайырымдылық акциясы өтті

05.07.2016

Қаскелеңде қайырымдылық акциясы өтті

       Алматы облысының Қаскелең қаласында 4 шілде күні ҚР Қызыл Жарты ай қоғамы Ораза айт мерекесіне арналған қайырымдылық акциясын өткізді. Бұл шара аз қамтамасыз етілген көп балалы отбасыларға және Ауғанстан мен Өзбекстаннан келген оралмандардың балаларына арналды. Онда 60 әлсіз отбасына азық-түлік жиынтығы мен балалар киімі түрінде 300 мың теңгенің көмегі көрсетілді.

        Бұл акция Біріккен Араб Әмірлігінің Қызыл ай өкілдігінің үйлестірушісі Асим Фадльдің қаржылай қолдауымен және Өзбекстан мигранттарын қолдау орталығының директоры  Дина Бөлешова мен Ауғанстан оралман әйелдерінің жетекшісі Загиф Мавлянованың атсалысуымен өткізілді.

       Асим Фадльдің айтуынша, БАӘ-нің Қызыл Ай қоғамының өкілдігі Қазақстанда  2002 жылдан бері жұмыс жасайды. «Жетім балаларға көмек көрсету» жобасы аясында осы уақытқа дейін 2 644 балаға 686 млн. 294 мың теңгенің көмегі жасалды. Оның ішінде Алматы қаласы мен Алматы облысындағы 473 балаға тоқсан сайын берілетін 147 АҚШ доллары көлемінде жәрдемақы бар.  Мәселен өткен жылы олар ҚР Қызыл Жарты ай қоғамымен бірлесіп 15 аз қамтамасыз етілген отбасына тігін машинасы түрінде, мүмкіндігі шектеулі 2 адамға  мүгедектер арбасын, ал 7 жалғыз басты қарттар мен 12 аз қамтамасыз етілген отбасына қаржылай  жәрдемақы берді. Сондай-ақ ауылдық жерде тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларды қолдау мақсатында 3 сиыр әперді  және Ораза айт пен Құрбан айт мерекелері кезінде 2 млн. 770 мың теңгенің  қаржылай көмегін көрсетті.  

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті