Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Қазақ ұлттық хореография академиясы қыркүйекте алғашқы сабағын бастайды

08.07.2016

Қазақ ұлттық хореография академиясы қыркүйекте алғашқы сабағын бастайды

      Астананың сол жағалауында салынып жатқан бірегей оқу орындарының бірі - Қазақ ұлттық хореография академиясы. Үш корпусы және бір театры бар оқу орны 2016 жылдың қыркүйегінде алғашқы сабағын өткізеді екен. «ҚазАқпарат» тілшісі оқу орнына барып, хореография академиясы директорының уақытша міндетін атқарушы Гауһар Алдамбергеновамен сұхбаттасқан еді.

      «Қазақ Ұлттық хореография академиясы 2016 жылдың 11 cәуірінде іріктеу жұмысын бастады. Іріктеу кезеңдері Қазақстанның бүкіл аймақтарында өтті. Көбінесе әлеуметтік жағдайы төмендеу балаларды, балалар үйіндегі талантты бүлдіршіндерді қарастырдық. Бұл академия -  би өнері бойынша Орта Азиядағы бірегей орталық. Биыл қыркүйек айында жұмысын бастайды»,-дейді Г.Алдамбергенов.

     Гауһар Төремұратқызының айтуынша, қазір іріктеу комиссиясы өз жұмысын аяқтаған. Іріктеу комиссиясынан кейін академияның қабылдау комиссиясы 20 мамыр мен 8 маусым аралығында оқушылар мен студенттердің құжаттарын қабылдаған.

      «9-20 маусым аралығында шығармашылық емтихандар жүргіздік. 1-5 сынып аралығында оқушыларды қабылдадық. Биыл жалпы 418 бала қабылданады деп жоспарланып отыр. Бұл ақысыз оқу орындары. Бұл жерде бастауыш мектебіне 200 бала, орта кәсіби білім (9-11 жас аралығындағы балалар) беруге 318 орын бөлініп отыр. 118 орын бакалавр студенттеріне, 7 грант магистратураға  берілді.. Биыл үлгерсек, доктарантураға да қабылдаймыз деген жоспарымыз бар. Қазір барлық бөлімдердің лицензиясын алдық»,-дейді Г.Алдамбергенова.

      Жалпы, академия аумағында заманауи төрт ғимарат салынған екен. Ғимараттардың іші мен сыртында соңғы тазалық жұмыстары, ал академияның аумағында абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр. Бір қуанарлығы, академия оқушылар үшін интернат, студенттер үшін жатақхана, ал оқытушылар үшін баспана ұсынады екен.

       «Бастауыш сынып оқушылары үшін міндетті түрде интернат жұмыс істейді. Интернатта күндізгі және түнгі тәрбиешілер бар. Бес уақыт тегін тамақ береміз. Интернаттың өз медициналық қызметі жұмыс істейді. Бассейні бар. Студенттердің жатақханасы да бар. Негізі, академияның төрт ғимараты толық бой көтереді. Біріншісі - балет ғимараты. Екіншісі  -  тұрғын үй ғимараты, яғни, жатақхана мен интернаттың ғимараты. Оқытушыларды да баспанамен қамтамасыз етеміз, сондықтан, жатақхананың жоғарғы қабаттары оқытушыларға беріледі. Үшінші ғимарат - оқу ғимараты. Төртінші ғимарат -  академияның өзінің театры. Театр қараша айында пайдалануға беріледі. Дәл қазір жоғарыда атаған үш ғимарат дайын тұр», - дейді Г.Алдамбергенова.

      Академия орта кәсіптік білім аясында, яғни 5 сыныптан кейін оқушыларды екі мамандыққа баулиды екен. Ол «Балет әртісі» мен «Би ансамблі әртісі» мамандықтары. Биыл студенттер «арт-менеджмент», «хореография», «өнертану», «режиссура» мамандықтары бойынша, ал магистратура  бөліміне «хореография», «өнертану», «режиссура» мамандықтары бойынша үміткерлер қабылданған екен.

       http://www.inform.kz/kaz/article/2922750

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті