Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Қазақстанның үздік жоғары оқу орындарының 2016 жылғы ұлттық рейтингі жарияланды

12.07.2016

Қазақстанның үздік жоғары оқу орындарының 2016 жылғы ұлттық рейтингі жарияланды

shutterstock_1198596

      

       Білім беру сапасын қамтамасыз­дан­дыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі (БСҚА) 2016 жылғы Қа­­зақ­­станның үздік жоғары оқу орын­­дарының ұлттық рейтингін ұсы­нады.

         Бүгінгі күні ЖОО және бі­лім беру бағдарламаларының ұлт­тық рей­тингі біздің күнделікті өмі­рі­міз­ге толық енді.

       Білім беру саласындағы рейтинг сапасына қазіргі таңда қойы­латын талаптар өсуде, өйткені уни­вер­ситеттердің рейтингі талап­кер­лердің ЖОО таңдауына ықпал жасайтын басты фактор болып отыр. Сондықтан рейтинг осы замандағы үлкен ақпараттық, соның ішінде жарнамалық бағытта, жастарға өз таңдауын дұрыс қалап алуға кө­мек­теседі деп санаймыз.

       БСҚА Ұлттық рейтингінің әдіснамасы халықаралық сарапшылармен мақұлданған және жоғары сапа мен академиялық талдау обсерваториясы (www.ireg-observatory.org) – IREG Берлин принциптерінде көр­сетілген стандарттарға сәйкес келеді. Ол туралы Еуропа және Шанхай жоғары оқу орындарының рейтингтері бойынша өткізілген халықаралық конференцияларда бірнеше рет баяндалған болатын.

       БСҚА Ұлттық рейтингі көпөлшемді рейтинг болып саналады немесе оны басты рейтинг деп атайды, себебі ол үш құрастырушы: 1, 2 және 3 сауалдамадан тұрады. 1-ші сауалдама студенттер контингенті мен құрамын, олардың білім нәтижелерін, профессорлық-оқытушылар құрамы қызметінің сапасын, ЖОО-ның ғылыми және инновациялық қызметін, халықаралық ынтымақтастығын қам­титын академиялық статистикалық ин­дикаторлар мен критерийлерді, сонымен бірге, Интернеттегі ақпараттық көрсеткіштерді ұсынады. 1-ші сауалдаманың индикаторлары мен критерийлері сипаттамасы агенттіктің www.nkaoko.kz сайтында көрсетілген. 2-ші сауалдама ЖОО сарапшыларының алдында ЖОО-ның мәртебесін көрсетсе, 3-ші сауалдама жұмыс берушілер алдында ЖОО-ның мәртебесін көрсетеді.

       Ағымдағы жылда БСҚА рейтингін анық­тау әдіснамасына бірнеше өзгерістер енгізілді.

       Институционалдық рейтингте 1-3 са­уал­­­дамалардың салмақты қатынастары өзгертілді. Осыған байланысты 1-ші сауалдамада көрсетілген академиялық құрамының маңыздылығы көтерілді. Ол құрам 60%-дан 70%-ға дейін көтерілді, ал 2-ші және 3-ші сауалдамалардың әрқайсысының салмағы 15%-ға дейін төмендетілді.

      БСҚА Халықаралық ғылыми-тех­никалық ақпараттар орталығымен (Ресей, Мәскеу қ.) ынтымақтастығы арқасында 1-ші сауалдамада бірінші рет РҒДИ (Ресей ғылыми дәйексөз индексі) ғылыми баспалар базасындағы қазақстандық ЖОО ғалымдарының басылымдары мен дәйексөздері туралы толық ақпарат көр­сетілді, бұрын бұл ақпаратты ЖОО ұсынатын.

       Қазақстандағы, шет елдегі ғылы­ми-тәжірибелік конференциялар, олимпиа­да­лардың жеңімпаз-студенттері туралы мәлі­метті ЖОО конференциялар немесе олим­пиадаларды ұйымдастырушының сайтына сілтеме көрсету арқылы дәлелдейтін болды.

     Биылғы жылы ҚР БҒМ грифі астында шығарылған кітаптар, монографиялар, ISBN бар оқулықтар, оқу құралдары туралы толық ақпаратты агенттіктің сұранысы бойынша ҚР Кітап палатасы берді.

      БСҚА осындай жолмен ЖОО-да рейтинг үшін берілетін индикаторлар мен критерийлер бойынша жалған мәліметтерді ұсыну мүмкіндігін айтарлықтай төмендетті. БСҚА мәліметтерді жинау үшін тәуелсіз дереккөздер санын көбейту арқылы рейтинг әдіснамасын жетілдіру бойынша жұмысты әрі қарай жалғастырады.

     Рейтингте ЖОО-ның ақпаратымен бірге ЖОО-ның түлектері бойынша «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ, ОЖСБ мәліметтері бойынша Ұлттық тестілеу орталығынан алынған тәуелсіз дереккөздері, ғылыми мақалалардың Web of Science және Scopus тәуелсіз база­сындағы оқытушылардың басылымдары, ҚР БҒМ  жыл сайынғы «Жылдың үздік оқытушысы» конкурсы нәтижелері қолданылды

      2-ші сауалдамада сарапшылар ретінде ЖОО-ның құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілері, кафедра меңгерушілері, профессура өкілдері қатысты. Сауалдамада қазақстандық ЖОО-ға өзінің бағасын берген барлығы 300-дей сарапшы қатысты.

      Жұмыс берушілердің сауалдамасы ми­нистрліктерге, еліміздің өңірлеріне, ұлттық компанияларына жіберілген қағаз жүзіндегі сауалдама; орта және шағын бизнес өкілдеріне сұрақ қою, сонымен бірге, жұмыс берушілердің е-mail-дарына сауалдама жіберу және телефон арқылы сұрақ қою негізінде жүргізілді. Сауалдамаға қатысқан көпшіліктің белсенділігін ерекше атап өтіп, оларға өзіміздің үлкен ризашылығымызды білдіреміз.

      Сауалдамаға 11 орталық және 12 өңірлік мемлекеттік органдар қатысты. Олардың ішінде ең белсенділері: Сыртқы істер, Мемлекеттік қызмет істері, Энергетика, Ауыл шаруашылығы, Мәдениет және спорт министрліктері; Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Қызылорда, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыс­тарының әкімдіктері. Агенттікпен жұмыс беру­ші­лерден 1000-нан аса сауалдама алынды.

       Қазақстанның үздік ЖОО Ұлттық рей­тингі тізімінде еліміздің тек 52 оқу ор­ны көрсетілген. Олар 1-ші сауалдамада көрсетілген академиялық ресурстың 70 максималды баллының 33%-дан тө­мен емес балл алған ЖОО. Сондықтан көп­бейінді ЖОО санатында тек 18 оқу орны; техникалық – 13; гуманитарлық-экономикалық – 12; өнер ЖОО – 1; меди­циналық – 3; педагогикалық – 5 оқу орны көрсетілген.

    Рейтингтің барлық үш сауалдамасы бойынша интеграцияланған нәтижелер газетте жарияланған, ал рейтингтің әр сауал­дамасы және әр индикаторы бойынша нәтижелер агенттіктің www.nkaoko.kz сайтында көрсетілген.

       Көпбейінді ЖОО рейтингінің қорытын­дысы бойынша биылғы жылы да біріншілік қатарын жетекші ұлттық университеттер сақтаған: бірінші орынды бөліскен Л.Н.Гу­милев атындағы Еуразия ұлттық универ­ситеті және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. Көпбейінді ЖОО бірінші бестігіне, алдыңғы жылдардағыдай М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті (3-ші орын), Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемле­кеттік уни­верситеті (4-ші орын), С.Торай­ғы­ров атындағы Павлодар мемлекеттік уни­верситеті (5-ші орын) енді. Техникалық ЖОО тобында бірінші орында бірнеше жыл бойы Қазақстан-Британ техникалық университеті, одан кейін екінші орында – Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, үшінші орында – Қазақ ұлттық аграрлық университеті тұр. Үздік техникалық ЖОО бестігіне Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті және Алматы технологиялық университеті енді. Халық­аралық ақпараттық технологиялар универ­ситеті 8-ші орыннан 6-шы орынға, акаде­миялық ресурстар бойынша үшінші орынға көтерілді.

       Гуманитарлық-экономикалық ЖОО тобында бірінші орынды тұрақты ҚМЭБИ университеті алса, екінші орын­ды Қазақ­тұтынуодағы Қарағанды эконо­микалық университеті, үшінші орынды Алматы менеджмент университеті (бұрынғы –ХБА) алды, бұл бағыттағы жетекші ЖОО бестігіне «Нархоз» Уни­верситет және «Тұран» университеті енді.

      Шығармашылық бағыттағы ЖОО ішінде Қазақ ұлттық өнер университетіне бәсе­келестік болған жоқ.

      Медицина ЖОО ішінде бірнеше жыл бойы жетекші бірінші орында С.Асфен­дияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, 2-ші орында Семей қаласының мемлекеттік медицина уни­верситеті, үшінші орында Оңтүстік Қазақ­стан фармацевтикалық академиясы орна­ласқан.

     Педагогикалық ЖОО бағыты бойынша педагогикалық білім берудің көшбасшысы – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика­лық университеті болса, екінші орында – Қа­зақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, одан кейін Павлодар мемле­кеттік педагогикалық институты, Қостанай мемлекеттік педа­гогикалық институты және Тараз мем­лекеттік педагогикалық инс­титуты тұр. Павлодар мемлекеттік педа­гогикалық институты сенімді жұмыс жасау арқа­сында академиялық ресурс бойынша екінші орын алды.

       Бағдарламалық рейтингте 2016 жылы 42 ЖОО 143 бакалавр мамандықтары (670 бағ­дарлама) және 131 магистратура мамандықтары (389 бағдарлама) бойынша қатысты. Рейтингке қатысқан барлық білім беру бағдарламаларының жалпы саны 1200-ге жуық. Ұсынылған бағдарламалар саны және нәтижелер бойынша жетекші ЖОО үштігіне әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (147), Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (120) және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (101) енді, олар туралы ақпарат агенттіктің сайтында ұсынылған.

      Рейтингтің қорытындысын БАҚ, толық ақпаратты агенттіктің сайтына жариялай отырып, агенттік қоғамға ЖОО қыз­метінің көрсеткіштерін ұсынады. Бұл көрсеткіштер қандай да бір талдаудың, мүмкін, неге бұл ЖОО рейтингтің алдында немесе соңында тұр, неге басқа маңызды көрсеткіштер ескерілмеді деген қандай да бір сынның тақырыбы болады деп ойлаймыз. Рейтингті құрастырушылар ретінде сындарлы сынды біз міндетті түрде ескереміз, бірақ рейтингтік балдары төмен ЖОО-ның басшылығы қандай себеппен олардың көрсеткіштері төмен екенін өздері түсінеді деп ойлаймыз. Сондықтан рейтингке қатысушы барлық ЖОО әкімшілігіне өздерінің материалдарына және рейтинг нәтижелеріне терең талдау жасауын ұсынамыз. Сонда жетекші-ЖОО өздерінің жетекшілік орындарын қалай сақтап қалу керек, ол үшін резервті қайдан алу керек, орта буындағы ЖОО алға шығу үшін қандай секіріс жасау керек, соңғы орындағы ЖОО өздерінің ең әлсіз орындарын тауып, өздерінің позициясын күшейту үшін стратегиялық жоспарға қандай шараларды қосу керек екен сияқты сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік алады. Агенттік ЖОО-дан алынатын мәліметтердің максималды түрде тәуелсіз болуы үшін өзінің әдіснамасын алдыңғы қатардағы жаһандық және ұлттық рейтингке жақындату арқылы рейтингтің жекелеген позициясын әрі қарай жетілдіреді, бұл білім сапасын бағалайтын рейтингтің максималды дәйектілігіне жетуге мүмкіндік береді.

       Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі барлық талапкерлер мен олардың ата-аналарына табыс және жоғары оқу орнын дұрыс таңдауды тілейді. Агенттік Қазақстанның үздік жоғары оқу орындарының Ұлттық рейтингі оларға оқу орнын дұрыс таңдауға көмектеседі деп сенеді!

120716 ЖОО

      Шолпан ҚАЛАНОВА, Білім беру сапасын қамтамасыз­дан­дыру тәуелсіз қазақстандық агенттігінің президенті, педагогика ғылымдарының докторы, профессор

         https://egemen.kz/2016/07/12/50861      

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті