Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Елімізде алғаш рет көне заманның ағаш күймесі табылды

15.07.2016

Елімізде алғаш рет көне заманның ағаш күймесі табылды

            

       Ертіс өңірінің археологтары олжалы болды. Қазу жұмыстары кезінде Павлодар іргесіндегі Долгое ауылының маңынан ат арба мен адам қаңқасы табылды, деп хабарлайды «Хабар»телеарнасы.

        Ғалымдар: «Бұл жәдігерлер Қимақ дәуіріне, яғни 9-10 ғасырларға тиесілі», - деп болжауда.  Қуантарлығы, көне қорым тоналмаған. Сол себепті ағаштан жасалған күйме тұтас күйінде сақталыпты.

       Айта кету керек, мұндай артефактілер қазақ жерінде бұрын-соңды кездеспеген.  Археологтар жәдігер сынып қалмас үшін арбаны топырағымен бірге қазып алып келген. Күйменің ұзындығы - екі метр, салмағы - 1 тонна шамасында.

        Қазір бірегей жәдігерді зерттеу үшін Павлодарға Алматыдан танымал реставратор Қырым Алтынбеков бастаған бір топ маман келді.  Ғалымдардың айтуларынша, бұл олжа Қимақ қағанатының Ертіс өңірінде шоғырланғанын тағы бір айғақтайды. Сондықтан ғылыми құндылығы аса жоғары.

        «Біз ат арбасын тапқан болатынбыз. Сол ат арба біздің дәуірімізде, біздің өңірімізде табылмаған. Соны, міне, зерттеп, оны сақтап қалу үшін біз жаңа методиканы енгіздік. Блокпен алып келіп, оны лабораториялық тұрғыдан зерттейтін боламыз. Бұл жәдігер Ертіс өңірінде емес, сонымен қатар Қазақстанда да табылмаған. Қазір оны біз рестовраторлармен зерттейтін боламыз», - дейді ғылыми қызметкер Талғат Айлыбаев. 

       http://www.inform.kz/kaz/article/2925401

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті