Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | «Ғылым және өмір» халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы өтеді

20.07.2016

«Ғылым және өмір» халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы өтеді

       Алматыда 24-25 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Ыбырай Алтынсариннің 175 жылдығы құрметіне арналған  «Ғылым және өмір» деген тақырыптағы халықаралық ғылыми-теориялық конференция  болады. Оны ұйымдастырушы – «Бейбітшілік әлемі» халықаралық қазақ шығармашылық бірлестігі.

      Материалдары жинақ болып жарық көретін бұл конференция жұмысы: математика, физика, астрономия, информатика, ақпараттық технологиялар, тарих. Философия, әлеуметтану, әдебиеттану, мәдениеттану, филология, шет тілдері, психология, логикалық ойындар, химия, биология, география, экология, құқық, экономика, басқару, бизнес, кәсіпкерлік, туризм, архитектура, дизайн, музыка, қолөнер, көркемсурет және т. б. ғылымдар мен білім саласының пәндері бойынша өтеді. Оның мақсаты: ұстаздардың біліктілігінің дамуына үлес қосу, тәжірибелі ұстаздардың ғылыми жетістіктерін насихаттау, жас ұстаздарды зерттеу және жобалау жұмыстарына баулу, ғылыми қызметкерлерді ұстаздармен бірлескен жобаларға шақыру, жалпы білім беру орындарындағы  ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың үздік тәжірибелерін халыққа таныту. Сондай-ақ оқушылардың интеллектуалды шығармашылығының дамуына үлес қосу, жасөспірімдерді ғылыми және жобалау жұмыстарына баулу, талантты оқушылардың ғылыми жетістіктерін қоғамға таныту.

         Конференцияда ғалымдармен сұхбаттасып, жобалармен танысып, жаңа идеялармен алмасуға болады. Қатысушылар ғылыми жұмыстарын баяндап немесе шеберлік-сыныбы көрсетіп, тәжірибесімен бөлісе алады. Бұған дейін бұл шара 4-5 маусымда Атырауда, 15-16 маусымда Алматыда, 24-25 маусымда Түркістанда, 11 шілдеде Бішкек қаласында өткен болатын.  Онда  үздіктер «Үздік баяндамасы үшін», «Ғылым шырағы», «Ғылымға қадам», I-III дәрежелі дипломдармен марапатталады.  

       Ерлік Ержанұлы

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті