Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Астана қолжетімді тұрғын үйі бар посткеңестік бас қалалардың ТОП-5-тігіне енді

25.07.2016

Астана қолжетімді тұрғын үйі бар посткеңестік бас қалалардың ТОП-5-тігіне енді

     Қазақстан мен Астана бұрынғы кеңес республикалары арасында тұрғын үй қолжетімділігі бойынша әзірленген тізімде алғашқы орындардың біріне ілініп отыр. 15 елдегі жылжымайтын мүлік нарығы мен халықтың табыс деңгейін зерттей келе Homsters.kz компаниясының сарапшылары осындай қорытындыға келді.

      Астана тұрғын үй қолжетімділігі бойынша бұрынғы КСРО мемлекеттері орталықтарының арасында алғашқы бестікке енді. Қазақстанның бас қаласы Homsters.kz жылжымайтын мүлік сатуға арналған онлайн-алаң сарапшылары әзірлеген мемлекеттердің бас мегаполистерінің тұрғын үй қолжетімділігі рейтингінде 4-орынға ие болды. Рейтинг негізі ретінде компания сарапшылары посткеңестік бас қалалардағы жылжымайтын мүліктің бір шаршы метрінің орташа бағасы мен қала тұрғындарының орташа жалақасын есепке алған. Шыққан нәтиже әр мемлекеттегі астана тұрғынына баспананың бір шаршы метріне жететін қаржыны жинау үшін қанша уақыт қажет екендігін көрсетті. Рейтингті әзірлеу барысында ашық дереккөздерден алынған мәліметтер қолданылды.

        Рейтинг нәтижесіне сәйкес ең қолжетімді тұрғын үй Латвия астанасында екен. Қолға тиетін «таза» жалақы 667 еуроны құрайды деп алғанда бір шаршы метрге жететін ақша жинау үшін ригалық тұрғынға бір айдан сәл асатын уақыт керек.

      Екінші орында Таллин орналасқан. Эстонияның бас қаласында тұратын азаматтар тұрғын үйдің бір шаршы метрін сатып алуға кететін қаржыны бір жарым айдан асатын уақыт ішінде жинай алады.

       Үшінші орынға Арменияның бас қаласы ие болды. Ереваннан жылжымайтын мүліктің бір шаршы метрін сатып алу үшін екі айға жуық жұмыс істеу керек. Қазақстандық Астана тұрғындарына да шамамен осындай уақыт қажет.

      Бесінші орында Беларусь астанасы Минск орналасқан. Ел орталығынан бір шаршы метр үй сатып алу үшін Минск тұрғыны екі ай жұмыс істеуі тиіс.

      Бас қаладан үй алу үшін ең ұзақ жұмыс істейтін Тәжікстан мен Түркіменстан азаматтары болып отыр: Душанбе және Ашхабадтан бір шаршы метр сатып алуға ел тұрғындары сәйкесінше 8 және 9 ай жұмсайды.

      «Астананың аталған тұрғын үй қолжетімділігі рейтингінде көшбасшылар қатарына енгені кездейсоқтық емес. Әрине, 2015 жылғы девальвациядан кейін Астанада да, Қазақстан бойынша да жылжымайтын мүлік бағасы айтарлықтай төмендеді, бұл да болса рейтингтегі есеп нәтижелеріне, тізімге әсер етпей қойған жоқ. Алайда мемлекет тарапынан құрылыс саласына көрсетіліп отырған қолдау мен Аймақтарды дамыту бағдарламасын жүзеге асыру «Қолжетімді баспана» терминінің Қазақстанда ұлттық деңгейде басқа мағынаға ие болуына ықпал етті», - деп атап өтті Homsters.kz қазақстандық өкілдігінің жетекшісі Homsters.kz Олеся Мельникова.

Бұрынғы КСРО республикаларының астаналарындағы тұрғын үй қолжетімділігі рейтингі

Қала

Валюта

Тұрғын үйдің 1 ш.м. орташа бағасы

Салықтардан кейінгі орташа жалақы

1 ш.м. сатып алу үшін кететін ай саны

 

Рига

Еуро

780

667

1,17

 
 

Таллин

Еуро

1569

875

1,79

 
 

Ереван

Драм

336 000

183 960

1,83

 
 

Астана

Теңге

352 833

189 087

1,87

 
 

Минск

Белорус рублі

2036

1006,9

2,02

 
 

Баку

Әзірбайжан манаты

1429

691

2,07

 
 

Кишинев

Лей

12 496

5715,8

2,19

 
 

Вильнюс

Еуро

1329

584

2,28

 

Тбилиси

Лари

2 106

920

2,29

 
 

Бішкек

Сом

45 700

16 527

2,77

 
 

Киев

Гривна

23978

8080

2,97

 
 

Мәскеу

Рубль

212 475

65 000

3,27

 
 

Ташкент

Сом

1 765 800

500 000

3,53

 
 

Душанбе

Сомони

7200

920

7,83

 
 

Ашхабад

Түрікмен манаты

7372

820

8,99

 
 
 

                       Анықтамалық ақпарат                                                                          

       Homsters.kz – жылжымайтын мүлік сатуға арналған халықаралық онлайн-алаң. Homsters.kz перформанс-маркетинг және нәтиже үшін ақы төлеу ұстанымдары бойынша жұмыс істейтін, тексерілген бизнес-модельдер көмегімен дамушы нарықтарға жылжымайтын мүлік іздеу және сатудың ең үздік халықаралық тәжірибелерін ендіреді. 

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті