Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | АҚШ-та Қазақстандағы ашаршылық туралы кітап шықты

10.08.2016

АҚШ-та Қазақстандағы ашаршылық туралы кітап шықты

09.08.16-golodovka

              Америкалық зерттеуші Мария Блэквудтың айтуынша, жарық көрген кітап – еліміздегі XX ғасырда болған ашаршылық жылдарын қамтиды.

        «Жалпы, Қазақстандағы архив құжаттары негізінде ағылшын және неміс тілінде жазылған бірнеше жаңа кітап жарық көрді. Ал аштық жайында баяндалатын шығарма Германияда жазылды. Сонымен қатар, америкалық тарихшы Сара Кэмеронның кітабы биыл басылады. Қарап отырсаңыз, екі автордың да тақырыбы Қазақстандағы нәубет жылдарын қамтиды. Олар осыған байланысты көптеген қызықты материалдар тапқан», – дейді Мария Блэквуд.

        Бүгінде ол өткен ғасырдың 20-30 жылдарындағы алғашқы қазақ большевиктері жайлы диссертация жазуда. Нақты айтқанда, оның дипломдық жұмысының тақырыбы алашордалықтарға арналған.

      Қазақстан Президентінің мұрағатында өткен конференцияда зерттеуші Мария Блэквуд: «Ғалымдардың назарын Қазақстан тарихына аудару өте жеңіл. Себебі ол өте қызықты. Мен Алматы мен Мәскеуде болып, мұрағаттардан тарихи тың деректер іздедім. Аталған қалаларда бұрынғы Кеңес одағының орталық мұрағаттары бар. Онда Қазақстанға байланысты көптеген материалдар кездеседі», – деді.

        Айта кетейік, ашаршылық жайлы кітап Қазақстанға жыл соңына дейін жеткізіліп, кітап дүкендерінде сатылатын болады.

          https://egemen.kz/2016/08/09/55321

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті