Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Талғат Мамашев Қытайдың мемлекеттік «Тұлпар» сыйлығын жеңіп алған қазақ жазушысын қабылдады

10.08.2016

Талғат Мамашев Қытайдың мемлекеттік «Тұлпар» сыйлығын жеңіп алған қазақ жазушысын қабылдады

      Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төралқа төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев 9 тамызда Алматыда Қытайдың аз ұлт өкілдері арасындағы әдебиет жасампаздығының «Тұлпар» сыйлығын қазақтың жазушы әйелдері арасында үшінші боп иеленген Нұрила Қызыханқызын қабылдады.

      Онда Талғат Асылұлы Қазақстанның көші-қон саясаты мен заңнамасындағы жаңа өзгерістер жайын және Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының шетелдегі қазақ диаспорасымен биылғы жылы бірлесіп өткізген іс-шараларын баяндап берді. Ал Н.Қызыханқызы өзінің шығармашылық жұмыстарының барысы мен алдағы іс-жоспарымен таныстырды. 

      Жазушы бұған дейін «Қазақтың аңшылық құрал-саймандары мен әдіс амалдары» деген  мақаласымен «Тұлпар» сыйлығын, «Борандағы көш» повесімен Тянь-Шянь әдебиет-көркемөнер сыйлығын,  «Ләйла» повесімен қазақ-қырғыз «Тұлпар» сыйлығын алған болатын.

         Нұрила Қызыханқызының айтуынша,  әдебиеттің түрлі жанрлары бойынша аз ұлт өкілдері арасындағы әдебиет жасампаздығының «Тұлпар» сыйлығы 1981 жылдан беріліп келе жатыр. Бастапқыда ол 3 жылда бір рет берілген еді. 2012 жылғы 10-ыншы байқауда оған қазақ жазушылары арасынан «Тұлпардың соңғы тұяғы» повесть жинағы Оразхан Ахмет ие болған еді. Одан кейін оны 4 жылда бір ұйымдастыруға шешім қабылданып, биылғы 11-інші байқауда Н.Қызыханқызы «Әңгімелер мен повестер жинағы» аталымы бойынша  жеңімпаз атанған 5 қаламгердің бірі болып отыр. Жалпы «Роман», «Әңгімелер мен повестер жинағы», «Шалқыма», «Поэзия», «Очерк», «Аударма» аталымдары бойынша берілген «Тұлпар» сыйлығын иеленген 28 адамның ішінде ол биыл да жалғыз қазақ болған.

          Ерлік Ержанұлы

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті