Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Қауымдастық кітапханасы «Өнегелі өмір» кітабымен толықты

11.08.2016

Қауымдастық кітапханасы «Өнегелі өмір» кітабымен толықты

      Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Атажұрт» баспа орталығынан «Қауымдастық кітапханасы» топтамасынан «Шетелдегі қазақтар» айдарымен Жұмашәріп Шаһадаұлы мен Ержан Шәріпханұлының Шәріпхан Кәрімұлы туралы «Өнегелі өмір» деп аталатын кітабы жарық көрді.

         Кітаптың алғысөзінде Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы  Төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев: «Қытайда өмір сүретін 2 миллион қазақтың арасынан суырылып шыққан Шәріпхан Кәрімұлының ұлағатты тағдыры талайларға үлгі болғандай. Қытайдың еш жерде жазылмаған Заңы бойынша, Шыңжаң-ұйғыр автономиялық өлкесінде қазақ ұлты өкілдеріне тиесілі саусақпен санарлық лауазымның біріне дейін көтерілген Шәріпхан ағамыздың қызмет тәжірибесі тұтас мектеп дерліктей. Кітаптың ұтымды тұсы, оқиғаны бірінші жақтан   баяндаушы Ержанның атынан «Әке мектебі» аталғанымен, бұл мектептің иісі қазақ атаулының, біздің бәріміздің сабақ ала алатындығмызда жатыр», – деп   жазыпты.

      Бүгінде 70 жасты еңсеріп, енді жан жары Бәтима Дәуітқызымен «Алтын неке» мерейтойын атап өткелі отырған Шәріпхан Кәрімұлы 1943 жылы 25 мамырда Қытайдың Мори Қазақ автономиялы ауданында дүниеге келген. 1960 жылдардың басынан бастап қоғамдық, әкімшілік қызметке араласа бастаған еді. Аудандық орта мектептің шаруашылық бөлімінен басталған қызметін білім беру бөлімі, малшаруашылық бөлімі, аудандық халық үкімет кеңсесі, аудандық партком үгіт-насихат бөлімінде жалғастырды. Мори Қазақ автономиялы аудаын әкімінің орынбасары болған ол, Санжы облысында 15 жыл облыс бастығының орынбасары болды. Қытай саяси-мәслихат кеңесі ШҰАР Комитеті төрағасының орынбасары (министр дәрежелі) деңгейіне дейін көтеріліп, 2009 жылы зейнеткерлік демалысқа шықты.

         Ерлік Ержанұлы

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті