Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | «Атажұрт» баспа орталығының «Өнегелі өмір» кітабының тұсаукесері өтті

12.08.2016

«Атажұрт» баспа орталығының «Өнегелі өмір» кітабының тұсаукесері өтті

     Алматыда 11 тамыз күні Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Атажұрт» баспа орталығынан «Қауымдастық кітапханасы» сериясынан «Шетелдегі қазақтар» айдарымен Жұмашәріп Шаһадаұлы мен Ержан Шәріпханұлының Шәріпхан Кәрімұлы туралы «Өнегелі өмір» деп аталатын кітабының тұсаукесері өтті.

        Оған Шәріпхан Кәрәмұлының қызметтес әріптестері, достары мен Қытай қазақтарының арасынан шыққан білім, мәдениет, өнер, бизнес және тағы басқа түрлі салада еңбек етіп жүрген өзге де жұртшылық өкілдері қатысты.

     Тұсаукесер рәсімін ашқан Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы  Төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев: «Қауымдастық кітапханасы» сериясы бойынша оншақты жылдан бері талай кітап шығарылды. Олардың ішінде Қытай, Өзбекстан, Моңғолия, Ресей және тағы басқа да шет елдердегі қандастармыздың арасынан шыққан көптеген авторлар бар. Жалпы «Қауымдастық кітапханасы» сериясымен шығатын кітаптардың өзіндік ерекшелігі бар. Біздің  ондағы негізгі мақсатымыз шетелдегі қандастарымыздың еңбектерін Қазақстан жұртшылығына таныстыру. Бүгінгі «Өнегелі өмір» кітабы да өзінің ерекшелігімен бағаланады. Қытай елінде жоғары лауазымды қызметке жеткен қандастарымыз саусақпен санарлық. Солардың бірі, тіпті бірегейі деп айтсақ да артық болмайтын осы кітаптың негізгі кейіпкері», – деді. 

 












Қоғамдық, мемлекеттік қызметте жұмыс жасаған адамдардың зейнетке шыққаннан кейін тек қара басының қамы емес, отбасының жағдайы, қалың бұқара халықтың жағдайын жақсартуда қандай еңбек сіңірдім, қолымнан не келді, не келмеді деген ойдың жетегінде жүретінін. Мұнда Шәріпхан Кәрімұлының – қалдырған  ізі, зор еңбегі осы кітаптың ішінде сайрап жатқанын және бұл кітаптың екінші ерекшелігі, Шәкеңнің үлкен ұлы Ержанның атынан жазылып, баяндалуы екенін айтты. Сондай-ақ Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы атынан Ш.Кәрімұлының иығына шапан жауып, сый-құрмет көрсетті.

       Одан кейін Шәріпхан Кәрімұлымен қызметтес болған және оның өмір жолын жетік білетін Раздан Айдархан, Мелләл Рәмат, Жұмашәріп Шаһадатұлы сияқты азаматтар «Өнегелі өмір» кітабының кейіпкері жайлы өз ой-толғамдарын ортаға салды. Жаңа кітаптың тұсауын кесіп, алғашқы оқырмандарына таратты.

        Ерлік Ержанұлы

Қосымша ақпарат қажет болса бұған дейін сайтымызда жарияланған мына материалды қарап шықсаңыз болады:

Қауымдастық кітапханасы «Өнегелі өмір» кітабымен толықты http://qazaq-alemi.kz/news?id=2912

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті