Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | Алматыда дүниежүзі қазақтарының халықаралық өнер фестивалі өтеді

01.09.2016

Алматыда дүниежүзі қазақтарының халықаралық өнер фестивалі өтеді

Фото: qazaq-alemi.kz

            Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы дәстүрлі шетелдегі қазақтар арасында өтетін өнер фестивалін өткізеді. Қазан айының 7-сі күні өтетін халықаралық өнер додасы "Алматы - Тәуелсіздіктің алтын бесігі" деп аталады. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл толуына және Алматы қаласының 1000 жылдығына орай өтетін шара алыстағы ағайынды бір-бірімен байланыстырып, бір-бірімен таныстыруды көздейді.

       ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің қолдауымен Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы ұйымдастырып отырған халықаралық фестивальге 21 мемлекетте тұратын қандастарымыз қатысуға ниет білдіріп отыр. Фестиваль аясында "дөңгелек үстел", сурет көрмесі, мүшайра, терме сайысы және гала концерт өтетін болады.

        Сонымен қатар, биылғы фестиваль барысында Зуха батырдың 150 жылдығына қатысты да алыс-жақыннан келген қандастарымыздың арасында толықтай таныстыру жұмыстары жүріліп, батырдың қазақ тарихында алар орыны туралы сөз болмақшы.

       Іс-шара қазан айының 7-сі күні Алматыдағы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында өтеді.

      Естеріңізде болса, бұған дейін фестивальдің өтетіндігі туралы айтып, байқау ережелерін жариялаған болатынбыз.

       https://baq.kz/kk

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті