Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Басты бет | Жаңалықтар | «Алаш» сыйлығы 12 ақын-жазушыға берілді

02.09.2016

«Алаш» сыйлығы 12 ақын-жазушыға берілді

     Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 25-тамызда болған секретариат жиналысында, секретариат шешімімен 12 ақын-жазушыға Халықаралық «Алаш» сыйлығы берілді.

       Бүгін Жазушылар одағында аталған әдеби сыйлықты салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті.

       Сонымен, ақын Қорғанбек Аманжолға «Алапа» өлеңдер жинағы үшін; ақын Жанат Әскербекқызына «Айтамғы» өлеңдер жинағы үшін; Қайрат Бакбергеновке «Междуречье» аударма кітабы үшін; ақын Арман Қаниға «Сен және мен» өлеңдер жинағы үшін; ақын Нұрлан Қалқаға «Мизам шуақ» өлеңдер жмнағы үшін; ақын Өтеген Оралбаевқа «Қағбаның қарлығаштары» өлеңдер жинағы үшін; драматург Жұмагүл Солтиеваға «Сағым қуғандар», «Әйел махаббаты» пьесалары үшін; Сұлтан Оразалиновке, Әдібай Табылдиевке, Қуанышбай Құрманғалиға, кентаулық ақын Рахым Балабиевке «Әдебиетті насихаттаудағы еңбегі үшін» Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы берілді.

          http://aikyn.kz/

Пікір қосу

Пікірлер

Бас демеуші

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда және шетелдерде өтетін мәдени шаралардың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

Ұсынамыз

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Құттықтау, құтты болсын

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Барлық ұсыныстар

Мекен-жайы
050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А
Тел/факс: +7 (727) 2739997, 2733244.

Web: www.qazaq-alemi.kz
Модератор: info@qazaq-alemi.kz
Қабылдау бөлімі: qabyldau@qazaq-alemi.kz

ЖОЛ КАРТАСЫ

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті